30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти мектеп бітіруші түлектерге насихат айтты (фото)

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде мектеп бітірген оқушыларға арналған «Жолың болсын, жас түлек!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Қалалық білім басқармасының қолдауымен шараға 3 000-ға түлек қатысып, ел ағаларының насихатын тыңдап, батасын алды.

Әл-Азһар ғалымдары Бауыржан ұстаздың рухына дұға жасады (фото)

Мысыр еліндегі әл-Азһар университетінің ғалымдары марқұм Бауыржан Әлиұлы ұстаздың рухына құран хатым оқып, дұға жасады.

Айша бибі ауылында медресенің қазығы қағылды (фото)

Тараз қаласына арнайы сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің жаңа ғимараты болып бой көтергелі отырған медресенің қазығын қақты.

Исламдық қаржы саласы мамандарының жиыны өтті (фото)

Елордадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында исламдық қаржы саласы мамандарының басын қосқан дөңгелек үстел өтті.

Бас мүфти Жамбыл облысының әкімімен кездесті (фото)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Тараз қаласына жасаған сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовпен кездесті.

Бауыржан ұстаздың отбасына пәтер берілді (фото)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен белгілі ғалым, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі марқұм Бауыржан Әлиұлының отбасына Алматы қаласынан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді.

Бас мүфти Қазанда жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты (фото)

Бүгін Татарстан астанасы Қазан қаласында Еділ Бұлғарының Исламды қабылдағанына 1100 жыл толуына орай 10 мың адамға арналған зәулім жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсімі өтті.

Жастар ісі секторы 4 айда 3839 іс-шара өткізді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөліміне қарасты Жастар ісі секторы 2022 жылдың алғашқы төрт айында 3 839 іс-шара атқарып, оған 73 085 адам қамтылды.

ҚМДБ Төрағасы Татарстан мүфтиімен кездесті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазан қаласына барған ресми сапары барысында Татарстан мүфтиі Камил Самигуллинмен кездесті.

ҚМДБ: төрт айда 11 миллион мешіт жамағатына уағыз айтылды (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың алғашқы төрт айында 11 502 635 мешітке келуші жамағатқа уағыз-насихат айтылды. Бұл туралы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров мәлімдеді.