Еліміздегі діни мамандар даярлайтын бірегей Нұр-Мүбарак университетінде жаңа гуманитарлық мамандықтар ашылды. Қасиетті Рамазанда жеткен жаңалық бойынша, енді «Аударма ісі» мен «Шетел филологиясы» мамандықтарына ниет еткен талапкерлердің Нұр-Мүбарак университетінде білім алуға мүмкіндігі бар.
Жаңалықтар
«Уақып» қоры алғашқы меморандумға қол қойды (фото)
«Уақып» қоры мен ZHANTAQ компаниясы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында «Уақып» қоры мен ZHANTAQ компаниясы бірлесе отырып қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. ZHANTAQ компаниясының ZHANTAQ TEA өнімінің әр сатылымынан түскен пайданың бір бөлігі «Уақып» қорына түседі.
«Хасеки» шәкірттеріне ауызашар берілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия еліндегі өкілдігі Кожаелі қаласында «Хасеки» академиясында білім алып жатқан шәкірттерге ауызашар ұйымдастырды.
Бас мүфти елшімен кездесті (фото)
Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммел әл-Арики мырзамен кездесті.
«MUNARA TV» мен «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасы Қадір түнінде тікелей эфир ұсынады
Ертең мың айдан да қасиетті Қадір түніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы «Munara TV» мен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынады.
Бас мүфтиге съезге дайындық жұмысын таныстырды (фото)
Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаевпен сұхбаттасты.
Семей тұрғыны үйін «Уақып» қорына тапсырды (фото)
Семей қаласының тұрғыны әрі мешіт жамағаты Рахметолла Құйманұлы жомарттық танытып, үйін және жер телімін «Уақып» қорына тапсырды.
«Сарыағаш» медресесінде республикалық семинар өтті (фото)
«Сарыағаш» медресе-колледжінде «Әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Елордада ардагерлерге құрмет көрсетілді
Қасиетті айдағы «30 күнге 30 шара» жобасы елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де алуан шаралармен жалғасып келеді.
Бас мүфти «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде уағыз айтты (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наруызбай қажы Тағанұлы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітін зиярат жасап, жергілікті жамағатпен жүздесті.
Алматы имамдары 500 түп көшет отырғызды (фото)
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Алатау ауданы «Саялы» шағынауданында «Бір тал кессең, он тал ек» жобасы аясында 500 түп көшет отырғызылды.