29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Алматыда республикалық «Әсем киім – әйел ажары» байқауы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында өтіп жатқан «Әсем киім – әйел ажары» атты мұсылман әйелдердің сән байқауының ашылуына қатысты.

ҚМДБ авиакомпаниялар арасында конкурс жариялайды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық қажыларды тасымалдау  үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялайды.

КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ:

  1. Авиакомпанияның «Қажылық-2026» маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
  2. Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Королдігінің арасында тікелей авиамаршрутқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
  3. Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Түркістан қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мадина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған билет құнын ұсыну;
  4. Авиакомпания Қазақстан Республикасының қажыларын 12.05.2026ж. мен 20.05.2026ж. аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 01.06.2026ж. мен 10.06.2026ж. аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну;

Аталған құжаттар 19 қыркүйектен бастап This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасы арқылы 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды. Туындаған сұрақтар бойынша (Жәнділлә Бекжігітов  +77014770717 ) хабарласуға болады. 

дереккөз: muftyat.kz

Бас мүфти «Үздік халал кәсіпорындарды» марапаттады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда өтіп жатқан «HALAL EXPO-2025» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімінде үздік халал кәсіпорындар мен мамандарды марапаттады.

ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай Алматы имамдары марапатталды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алматы қаласына іс-сапары аясында бірқатар дін қызметкерлері ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.

Бас мүфти Сағадат ақсақалды Ұмра сапарына шығарып салды

Алматы қаласына жасаған сапарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық пен имандылықтың өнегесін көрсеткен 94 жастағы Сағадат Жұмабаев ақсақалмен арнайы кездесті.

ҚМДБ Төрағасы әл-Азһар университетінің өкілімен кездесті

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайыптың орынбасары, профессор, доктор Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни мырзамен кездесті.

VIII съезд аясында ҚМДБ мен БАӘ өкілдері арасында ресми кездесу өтті

Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің Ислам істері және уақыптар жөніндегі Бас басқармасының төрағасы Омар Хабтур Әл-Дарий мырзамен ресми кездесу өткізді.

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі басталды

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өз жұмысын бастады.

Мүфтилер алқасында «Исламдағы үммет бірлігі» құжаты қабылданды

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының VI мәжілісі өтіп, онда маңызды құжаттар қабылданды. Жиынға мүше мемлекеттердің діни басқармаларының төрағалары мен өкілдері қатысты.

ҚМДБ Төрағасы мүфтилер алқасының VI мәжілісінде баяндама жасады

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының VI мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.

Түркі елдері ғалымдары Бішкекте пәтуа мәселелерін талқылады

Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Бас мүфтилер алқасының жанындағы Пәтуа кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.