29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен бауырлас Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласына барды.

Түркі елдері ғалымдары Бішкекте пәтуа мәселелерін талқылады

Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының VI мәжілісі өз жұмысын бастады.

Діни оңалту мамандары кәсіби біліктілігін арттырды

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі теологиялық жұмыстардың ерекшеліктері мен тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында кәсіби біліктілікті арттыруға арналған екі күндік семинар өз мәресіне жетті.

Діни оңалту бағыты бойынша жаңа кітаптың танытымы өтті

Астана қаласында өтіп жатқан республикалық семинар аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің маманы Ислам Маратұлының «Таухид – бір бүтін сенім» атты еңбегінің танытымы өтті. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген бұл кітап ҚМДБ-ның «Muftyat» баспасынан басылып шықты.

ҚМДБ Төрағасы Түркия дін істері басқармасының Төрағасымен кездесті

Конья қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор доктор Әли Ербашпен ресми кездесу өткізді.

Бас мүфти Коньядағы халықаралық конференцияға қатысты

Түркия Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Конья қаласында «Қазіргі отбасы өміріндегі қатерлер және олардың шешу жолдары» атты халықаралық конференция өтті.

Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы Хасеки институтының шәкірттерімен жүздесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына жасаған ресми сапары аясында Конья аймағында орналасқан Хасеки институтына арнайы барып, аталған оқу орнында білім алып жатқан қазақстандық шәкірттермен кездесті.

ҚМДБ Төрағасы Анкара қаласындағы «Қажы Байрам Вели» кесенесіне зиярат жасады

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының арнайы шақыруымен Анкара қаласына ресми сапармен барды.

Бас мүфти Түркиядағы Мәуліт апталығының ашылу рәсіміне қатысты

Түркия Республикасының Президенті Әкімшілігіне қарасты Бештепе ұлттық конгресс және мәдениет орталығында Мәуліт апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған рухани жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, Түркиядағы Мәуліт мерекесінде болды.

Алматыда «HALAL EXPO-2025» халықаралық көрмесі өтеді

ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен 20-21 қыркүйек күндері Алматы қаласында халал өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2025» көрмесі өтеді.

Бас мүфти Анкарадағы қазақстандық студенттермен кездесті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркияға сапары барысында Анкара қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.