29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти Қарағанды жамағатымен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Іссапар аясындағы алғашқы кездесу облыстық «Әнет баба» мешітінде өтті.

VI Республикалық азаншылар жарысының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Қарағанды қаласында өткен «Әдемі әуезді азаншы» VI республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Ел үлесі пәтерге: Екі дін қызметкеріне баспана кілті табысталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 2 дін қызметкеріне қызметтік пәтердің кілтін табыстады.

Бас мүфти Қарағандыдағы жаңа мешіттің құрылысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданында бой көтеріп жатқан жаңа мешіттің құрылыс жұмысымен танысты.

ҚМДБ өкілі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Қарабаев Абдурашит Зиядинұлы Түркия Дианет қоры (TDV) Бурса облыстық білім үйлестіру бөлімінің топ жетекшісі Закир Шадман мырзамен және Хасеки Диянет академиясына биыл қабылданған 13 қазақстандық студентпен кездесті.

ҚМДБ өкілдері Анкара қаласында

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылған Түркі мемлекеттерінің Бас мүфтилер алқасы өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.

Бас мүфти Шығыс Қазақстан облысында

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Бас мүфти жұмыс сапарын Өскемен қаласындағы «Әл Фараби» мешітінің жамағатымен жүздесуден бастады.

Өскеменде діни басқарма тарихынан сыр шертетін фотокөрме ұсынылды

Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өтіп жатқан аймақтық ақсақалдар форумы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан имамдары ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай марапатталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында дін қызметінде сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар имамға мерекелік марапаттар табысталды.

Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа мешіттің ашылуына қатысты

Бүгін, қасиетті жұма күні Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Таврия ауылында жаңа мешіт ел игілігіне пайдалануға берілді.

Бас мүфти Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге мырзаны қабылдады.