Кеше елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы имамдары Құран хатым жасады. Шараға шаһардың барлық имамдары үн қосып, қайғылы оқиғада қаза тапқандардың рухына Құран хатым бағыштады.
Жаңалықтар
Ғұламалар кеңесі ел тұрғындарын бірлікке үндеді (фото)
Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс ХХХІІІ мәжілісі өтті. Мәжіліске Ғұламалар кеңесінің Алматы қаласындағы мүшелері онлайн қатысты.
ҚМДБ ұжымы донор болды (видео)
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы игі іске бастамашы болып, қан тапсырды.
Алматы: Жарақат алған жандарға ыстық тамақ жеткізді
Алматы қаласындағы «Вайнах» мешітінің ұжымы мен жамағаты шаһардағы №4 травмотологиялық ауруханаға барып, қаладағы тәртіпсіздік кезінде жарақат алған науқастарға ыстық тағам жеткізді.
ҚМДБ: Шеруге шығудың үкімі
Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.
Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!
Ресей мұсылмандары қазақ елі үшін дұға жасады
Елімізде болған төтенше жағдайға байланысты Ресей мұсылмандары діни басқармасы және мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Ғайнутдин алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Ресей мүфтилер кеңесінің сайтында жарияланды.
Бас мүфти сарбаздарға рухани тұрғыдан қолдау білдірді (фото-видео)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен игі-іс шараға қатысты.
Бас мүфти марқұмдардың рухына Құран хатым дұғасын бағыштады (фото-видео)
Елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен барлық мешіттерде Құран хатым дұғасы жасалды. Сауапты шараға еліміздің барлық өңірлеріндегі құлшылық ордалары біріге үн қосып, бүгін бір мезетте қайғылы оқиғада қаза тапқандардың рухына Құран бағышталды.
Шымкент: «Халық сақшысы» жасағында дін мамандары бар
Шымкентте 500-ге жуық ерікті азамат «Халық сақшысы» жасағын құрды.
Бас мүфти халықты сабырға шақырды (видео)
Елдегі жағдайға байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеме жасап, халықты сабырға, бірлікке шақырды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.
ҚМДБ: Бір жылда 534 азамат діни оңалды
Деструктивті діни ағымдар идеологияларының таралуына қарсы жалпы профилактикалық іс-шаралар аясында 9 054 676 адамды қамтыған 10 782 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл баяндады.