30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Алматы мен Шымкент қалаларынан Мәдина шаһарына тікелей чартерлік авиарейс ашылады

Алматы және Шымкент қалаларынан қасиетті Мәдина (Саудия) шаһарына тікелей чартерлік авиарейс ашылады.

«Ел үлесі – пәтерге» акциясымен бір жылда 193 баспана кілті табысталды

«Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 2021 жылы баспанаға мұқтаж 193 отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров мәлімдеді.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті үшін жаңа жылдың алғашқы күні сауапты іспен бастау алды. Қайырымдылық жасауда әрдайым алдыңғы қатардан табылатын мешіт ұжымы бүгін қаламыздағы мұқтаж бес отбасын көмірмен қамтамасыз етті. Әдеттегідей «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен өткен қайырлы істе әлеуметтік жағдайы төмен бес отбасы игі бастаманың жылулығын сезінді.

Мешіт ұжымы үшін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсету дәстүрге айналды. Көмекке мұқтаж қала тұрғындарына қол ұшын беру мақсатында өткен қайырымды істің бұл басы емес. Бұған дейін де мешіт ұжымы «Сауап» белсенділер тобының мұрындық болуымен талай жанның алғысын алып келеді.

Көмек алған отбасылар қиын-қыстау кезеңде жандарынан табылып, қайырымдылық жасаған жомарт азаматтарға алғыс айтып, отбасыларына амандық тіледі.

010122 Qaiyrymdylyq 1

010122 Qaiyrymdylyq 2

010122 Qaiyrymdylyq 3

010122 Qaiyrymdylyq 4

010122 Qaiyrymdylyq 5

010122 Qaiyrymdylyq 6

010122 Qaiyrymdylyq 7

010122 Qaiyrymdylyq 8

010122 Qaiyrymdylyq 9

010122 Qaiyrymdylyq 10

010122 Qaiyrymdylyq 11

010122 Qaiyrymdylyq 12

ummet.kz

Алматы: Белсенді имамдар марапатталды

Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан жыл басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жеті бағыт аясында 2021 жылды қорытындылады.

Жеті бағыт бойынша бөлім басшылары есеп берді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратындағы «әл-Фараби» залында өткен Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның жеті бағытқа жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.

Бас мүфти облыс имамдарын алғыс хатпен марапаттады (фото)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппаратында өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай облыс имамдарын арнайы алғыс хатпен марапаттады.

«QAMQOR-SHARAPAT» орталығының жұмысы пысықталды (фото)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ-ға қарасты «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жиыны өтті.

«Әжуррумия мәтініне түсіндірме» кітабының танытымы өтті (фото)

Бүгін ҚМДБ ғимаратындағы Абай кітапханасында «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Әжуррумия мәтініне түсіндірме» кітабының танытымы өтті.

Маңғыстауда «ислам және қоғам» курсы өтті

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі мен «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы»  әйел жамағаты арасында үш айлық «ислам және қоғам» курсын өткізді. Аталмыш курстың бағдарламасы алдын ала дайындалып қойылатын талаптары мен курс барысы жайлы жамағатқа ақпараттандырылды.