Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқау басталды.
Жаңалықтар
«HALAL EXPO-2021»: көрме аясында семинар өтті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы және «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өтіп жатқан халықаралық «Halal EXPO-2021» көрмесі аясында халал сертификаттаушы органдар мен кәсіпорындардың жиыны өтті.
ШҚО: «Оспан батыр» мешіті ашылды
Мәуліт айында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының орталығында жаңа мешіт ашылып, еліміздегі діни құлшылық ордаларының қатары тағы бір мешітпен толықты.
Алматы: «Әбу Ханифа» медресесіне көмек көрсетілді
Бостандық ауданы «Бәйкен» мешітінің ұйымдастыруымен «Әбу Ханифа» медресе шәкірттеріне көмек көрсетілді.
Нұр-Мүбарак студенті – қола жүлдегер
Нұр-Мүбарак университетінің 3-курс студенті Әмір Қадыров ерлер мен әйелдер арасында дзюдо күресінен өткен Алматы облысының чемпионатында 100 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Ақтөбе: Жаңа имам тағайындалды
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің имамы болып Ержан Мизамов тағайындалды. Ол осыған дейін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы қызметін атқарған болатын.
Шымкентте «HALAL EXPO-2021» халықаралық көрмесі басталды (фото)
Бүгін Шымкент қаласында Бас мүфтидің бастамасы ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен «Halal EXPO-2021» көрмесі басталды. Іс-шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы қатысты.
Республикалық қарилар байқауын «MUNARA TV» арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай киелі Түркістан қаласында өтетін Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық қарилар байқауын «Munara TV» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Енді ит пен мысықтың етін жегендер қатаң жазаланады
Үйде асырауға болатын жануарлардың етін жеу жануарларды қинап өлтіру қылмысымен теңестіріледі. Қазақстанда мысық, ит, алақоржын секілді үй жануарларының етін жеуге заң жүзінде тыйым салынады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Darhan Dala: Көне мешіттің іргетасы табылды
Ел шығысындағы Ислам өркениетiнiң тарихы тереңде жатыр. Бұл тақырып әлі де кеңінен зерттеуді талап етеді. Осы орайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚМДБ «Дархан дала» жобасы аясында XVIII ғасырда Əбiлпейiз хан салдырған «Ханым патша мешiтiнің» орнын іздеу бойынша арнайы экспедиция ұйымдастырды.
Бас мүфти дүниежүзілік Ислам лигасының өкілімен сұхбаттасты (фото)
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшысының кеңесшісі Абдель Азиз бен Ахмад Сархан мырзамен кездесті.