Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапарында орталық мешітте «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты іс-шараға қатысты.
Жаңалықтар
Бас мүфти жас қариға автокөлік кілтін табыстады (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сыр еліне жасаған жұмыс сапарында Қызылорда облысы бойынша өткен Құран жаттау және мәнерлеп оқу байқауының 30 пара бойынша бірінші орын иегері Шыңғысхан Садуовқа автокөлік кілтін табыстады.
«Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран – соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, тура діннің үні әрі Ислам шариғатының ата заңы. Құран оқыған адамның бүкіл болмысымен өзгергенін байқайсың. Аллаға шүкір, Діни басқарма Құран жаттаған қариларымызды қолдау мақсатында жүйелі түрде Құран байқауын өткізіп келеді. Сонымен қатар әр мешітте бір қари қызмет етуі керек деген бастамамыз да бар. Облыстық іріктеуден өткен қариларымызға республикалық жарыстан жүлдемен оралуын тілейміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, облыстық Құран байқауының жеңімпаздары республикалық жарысқа жолдама алады. Ал қазан айында киелі Түркістанда республикалық Құран байқауы өтеді.
Бас мүфти Қызылордада «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының жұмысымен танысты (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапарында орталық мешіт жанынан жаңадан ашылған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Облыс бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Наурызбай қажы Тағанұлына орталықтың жұмысы жайлы баяндап берді.
Бас мүфти белгілі ғалыммен ортақ жобаны талқылады (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершиновпен кездесті.
ҚМДБ төрағасы белсенді жас имамның отбасына баспана кілтін табыстады (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы «Фатима» мешітінің наиб имамы Дәулен Саматұлына қызметтік пәтер кілтін табыстады.
ҚМДБ төрағасы күрделі жөндеу жасалған «Фатима» мешітін аралады (фото)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан «Фатима» мешітін аралап, құлшылық үйінде жүзеге асқан игі іс-шаралармен танысты.
Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі рухына Құран бағыштады (фото)
Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасында болып, марқұмның рухына қасиетті Құран аятын бағыштады.
РАНТ мүшесі оқырман сұрақтарына жауап берді
ҚМДБ діни ақпарат беру орталығында «Call орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының «Еңбегімен ер сыйлы» тақырыбында тікелей эфирі өтті.
Бас мүфти Қызылордада сәулеті ерекше мешіттің ашылуына қатысты (фото)
Бүгін Қызылорда қаласында бір мезетте 1500 адам намаз оқи алатын «Нұр» мешіті ашылды.
СҚО: Қандастарды құшақ жая қарсы алды
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Есіл және Шал ақын аудандарына Иран елінен қандастарымыз көшіп келді.
Жергілікті тұрғындар қандас-бауырларымызды ерекше ілтипатпен құшақ жая қарсы алды. Алдымен Есіл ауданының мешітінде Құран оқылып, кейін ақ дастархан жайылып, танысу кездесуі өтті.
Содан соң аталмыш ауданның «Мәденит-дәстем» және «Көбеш» мешіттері атынан әр отбасыға 15 кілем тарту етілді.
Айта кетейік, солтүстік өңірге Иран мемлекетінен 22 отбасы қоныс аударды.




Еңбек күніне орай сауалдарға жауап береді
Ертең, 24 қыркүйек ҚМДБ діни ақпарат беру орталығында «Call орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының еңбекқорлыққа қатысты эфирі өтеді.