ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы халықаралық әуежайында қажыларды қасиетті мекенге шығарып салды.
Жаңалықтар
QAJY GUIDE мобильді қосымшасы іске қосылды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей жетекшілігімен қажылық маусымы қарсаңында QAJY GUIDE (ҚАЖЫ ГАЙД) мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымшаны қажыларға ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы таныстырды.
Қажылық миссиясы Мәдинада 1000-нан астам қажыны күтіп алды (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қажылық миссиясы Мәдина қаласындағы халықаралық әуежайдан 1000-нан астам отандасымызды күтіп алды.
Құрбан айт күнінің өзгеруіне байланысты ҚМДБ мәлімдемесі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 6 маусым күні кеш батқанда жаңа айдың көрінуіне байланысты зул-хижжа айының басталғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ арапа күнінің 15 маусымға және Құрбан айттың алғашқы күні 16 маусымға сәйкес келетіні айтылды.
Бас мүфти Мысыр Парламенті сенатының төрағасымен кездесті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқпен кездесті.
Наурызбай қажы Тағанұлы Жоғарғы шариғи сот төрағасымен кездесті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының Иорданиядағы жұмыс сапары осы елдің Жоғарғы шариғи сот төрағасы мәртебелі шейх Камал әл-Саммадимен кездесуге жалғасты.
Ел – үлесі пәтерге: Бір аптада 13 отбасы баспаналы болды
Өткен аптада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел – үлесі пәтерге» жобасы аясында 13 отбасы баспаналы болып, жаңа қонысқа кірді.
ҚМДБ Делегациясы Кәһф үңгіріне зиярат жасады
ҚМДБ делегациясы Иордан Хашимит Корольдігіндегі жұмыс сапарының қорытындысында Амман қаласындағы Құранда бір сүренің атымен аталған Кәһф үңгірін зиярат етті.
Діни басқарма төрағасы имамдар мен уағызшылар даярлайтын институтта болды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Иордан Хашимит Корольдігіндегі жұмыс сапары аясында Амман қаласындағы ІІ Абдулла атындағы имамдар мен уағызшылар дайындайтын институт директоры Абдусаттар әл Қада мырзамен кездесті.
Қажылық-2024: Рұқсатсыз қажылық жасағандарға айыппұл салынуда
Сауд Арабиясы Корольдігінің қоғамдық қауіпсіздік қызметі қажылық тәртібін бұзып, рұқсатсыз қажылық парызын өтеген қажыларға айыппұл сала бастады.
ҚМДБ Төрағасы – Иордан Хашимит корольдігінде
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үш күндік жұмыс сапарымен Иордан Хашимит Корольдігінің астанасы Амман қаласына келді.