Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада республикалық Бас мешітте Құрбан айтқа орай өткен мерекелік іс-шараға қатысты.
Жаңалықтар
ҚМДБ: Құрбан айттың екінші күні 51 169 отбасыға ет таратылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және WWW.QURBAN2024.KZ сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр.
ҚМДБ: Қазақстандық қажылар дін аман
Қазақстан қажылық миссиясы қасиетті Мекке жерінде ұлы сапарға келген отандастарымыздың дін аман екенін хабарлайды.
Бас мүфти еріктілер мен қасапшыларға насихат айтты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Астана қаласындағы базарларды аралап, мүфтият жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілері мен «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының қасапшыларымен кездесті.
ҚМДБ Төрағасы сатушылармен кездесіп, мал бағасын қолдан көтермеуге шақырды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Астана қаласындағы базарларды аралап, сатушылармен кездесіп, мал бағасын қолдан көтермеуге шақырды.
Қазақстан қажылары – қасиетті Арафат аймағында
Бүгін қазақстандық қажылар қасиетті Арафат жазығына жетті. Қажыларымыз ҚМДБ имам-ұстаздарының салиқалы уағыз-насихатын тыңдап, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтып, Алла Тағаладан дұға тілеуде.
Арафатта қажыларымыз бір мезетте дұға тіледі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Меккедегі Арафат аймағында «Бір мезетте – бір ниет» дұға тілеу шарасын өткізді. Іс-шараға бес парызының бірін өтеу үшін Арафатта тұрған қазақстандық қажылар қатысты.
Бас мүфти қос бірдей мешіттің ашылуына қатысты
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына барған сапарында қос бірдей мешіттің ашылу рәсіміне қатысты.
Туроператор дәрігерлерінің жиыны өтті (фото)
Қазақстан қажылық миссиясы өкілдері Мекке қаласында медицина қызметкерлерінің жиынын өткізді.
Қажыларға 100-ден астам уағыз-насихат айтылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен биыл 16 қажылық туроператорына 17 уағызшы имам-ұстаздар бөлінген болатын. Бүгінге дейін имамдар 5081 қажыны толық қамтып, 100-ден астам уағыз-насихат айтты.
Меккеде мүфтият атынан қазақстандық қажыларға дастарқан жайылды
Бүгін Мекке қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан қазақстандық қажылардың құрметіне арнайы дастарқан жайылды.