Бүгін Абай облысының орталығы Семей қаласында ҚМДБ-ға қарасты «Дін мен дәстүр» орталығы ашылды. Аймаққа арнайы іссапармен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ресми ашылуына қатысып, құттықтау сөзінде орталықтың маңызына тоқталды.
Жаңалықтар
Елордада Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIІІ республикалық байқауға іріктеу сайысы мәресіне жетті
Елордада Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIІІ республикалық байқауға іріктеу сайысы мәресіне жетті
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIІІ республикалық байқауға іріктеу сайысы мәресіне жетті.
ҚМДБ Төрағасы «Темірші ата әулие» мазарына зиярат жасады
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына сапары барысында шаһар іргесіндегі «Темірші ата әулие» мазарына зиярат жасады.
Бас мүфти «Мектепке жол» акциясына қатысты (фото)
Шымкент орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Мектепке жол-2024» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шымкентте «Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының танытымы өтті
Шымкент қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының танытымы өтті.
Бас мүфти Шымкентте жаңа мешіттің ашылуына қатысты (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласында жаңадан бой көтерген «Тұрдынияз ата» мешіттің ашылуына қатысты.
Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры тағайындалды (фото)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен белгілі ғалым, филология ғылымының кандидаты, доцент Төрәлі Қыдыр Алматыда ашылған ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды.
Мысырда пәтуа жөнінде халықаралық конференция өтті
Мысыр Араб Республикасының Пәтуа беру орталығына қарасты Әлемдегі пәтуа органдарының бас хатшылығының ұйымдастыруымен Жоғары Мәртебелі МАР Президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси мырзаның қамқорлығымен 29-30 шілде күндері Каир қаласында «Қарқынды дамыған әлемдегі пәтуа беру мен адамгершілік негіздері» атты IX халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.
Мысырда оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өтті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Мысыр Араб Республикасына іссапармен барған наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы мен Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл Каирде білім алып жатқан қазақстандық шәкірттермен кездесті.
Бас мүфти Ислам ғылыми-зерттеу институтының ашылуына қатысты
Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институты ашылды. Салтанатты рәсімге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.
Татарстанда ғылыми-танымдық конференция өтті
Ресей мүфтилер кеңесі мен РФ мұсылмандары діни басқармасы, Мухаммад бин Заид атындағы БАӘ Гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен Татарстан астанасы Қазан қаласында «Рухани Жібек жолы: Үлкен Еуразия кеңістігіндегі дәстүрлі құндылықтардың маңызы» V халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.