30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти Сауд Арабиясы елшісімен кездесті (фото)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтанимен кездесті.

Бас мүфти қайырымдылық жоба үздіктерін марапаттады (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» ІІ республикалық еріктілер форумында қайырымдылық жұмыстарының үздіктерін марапаттады.

«Ізгілік жаршысы – Мұхаммед (ﷺ)» рухани Мәуліт кеші өтті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматыда  «Ізгілік жаршысы – Мұхаммед (ﷺ)» тақырыбында рухани мәуліт кеші өтті. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мәуліт айының құрметіне өткен рухани кешке Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды (фото)

Алматыда өтіп жатқан Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған семинарда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасын» таныстырды.

«Ел үлесі – пәтерге»: ҚМДБ Төрағасы баспана кілтін табыстады (фото)

Қонаев қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж отбасыға баспана кілтін табыс етті.

Бас мүфти РАНТ мүшелеріне сертификат табыстады (фото)

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен РАНТ мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар мәресіне жетті.

Бас мүфти жастарды жат ағымның идеологиясына ермеуге шақырды (фото)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы  Шымкент қаласында жастармен кездесті.

Бас мүфти имамдардың ата-анасына айрықша алғыс білдірді (фото)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласындағы мешіттерде қызмет етіп келе жатқан имамдардың ата-аналарымен кездесіп, оларға айрықша алғыс білдірді.

Шымкентте Студенттер үйі ашылды (фото)

Бүгін Шымкент қаласында орталық «Aq meshit» мешіті ауласында орналасқан Студенттер үйінің ашылу салтанаты өтті. Игі іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

ҚМДБ Төрағасы Шымкент орталық мешітінде жұма уағызын айтты (фото)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласының орталық «Aq meshit» мешітінде жұма уағызын айтты.