30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Шымкент: «Арыстан баб аманаты» кітабының танытымы өтті

Шымкент қаласында орналасқан Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-де «Өзбекәлі Жәнібеков және ұлт мұраты жолындағы қызмет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Астана мешіттерінің жамағаты арасында футбол турнирі өтті

Елорда мешіттерінің жамағаты Астана қаласы Дін істері басқармасының ұйытқы болуымен өткен «Теңбіл доп» футбол турниріне қатысып, салауатты өмір салтын тағы бір ұлықтады.

ҚМДБ: Елімізде 21 528 оқушыға мектеп құралдары берілді (фото)

Жылдағы дәстүр бойынша тамыз айының басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Мектепке жол» акциясы жарияланған болатын. Жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы бүгін қорытындыланды.

«MUNARA TV» телеарнасы «Ізгі қоғам» байқауын жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Munara TV» телеарнасы «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында республикалық бейнероликтер байқауын жариялады.

Шымкентте қыз-келіншектерге кеңес беру орталығы ашылды

ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында жолдаған бағдарлық баяндамасы аясында  Шымкент орталық мешітінде «Қыз-келіншектерге кеңес беру орталығы» ашылды. 

Астанада мешіт шәкірттері арасында Құран жарысы өтті (фото)

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Құран – ізгі қоғам ұйытқысы» атты сайыс өтті. Жақында ғана жамағатқа есігін айқара ашқан «Әл-Фаттах» мешітінде өткен Құран сайысында мешіт шәкірттері «10 пара», « 1 пара» және «Жарты пара» бойынша сынға түсті.

Исламдық қаржыландыру мәселесі талқыланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппаратында наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Proportunity жылжымайтын мүлік қорының төрағасы Арман Баев мырзамен кездесті.

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде дуальды оқыту жүйесі іске қосылды

Жаңа оқу жылынан бастап «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде үш жақты келісім шарт негізінде «Исламтану» мамандығы бойынша дуальды оқыту жүйесі қолға алынды.