30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти Досжан ишанға арналған конференцияда баяндама жасады (фото)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысы Темір ауданында өткен «Досжан ишан – Қазақстанның көрнекті діни қайраткері және рухани ағартушысы» конференциясында баяндама жасады.

Ақтөбе облысында Досжан ишанға арналған конференция өтті (фото)

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентіндегі аудандық мәдениет үйінде «Досжан ишан – Қазақстанның көрнекті діни қайраткері және рухани ағартушысы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Діни басқарма қажылық орындарын алу бойынша конкурс жариялайды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігі 2024 жылғы қажылық маусымынан бастап  қажылықты жаңа талаптар бойынша ұйымдастыратындығын жеткізеді. Бұл ретте ҚМДБ өткен жылғы тәжірибе мен қажылық саласында қызмет көрсететін қазақстандық туристік операторлардың мүмкіндіктерін ескереді.

Бас мүфти шығармашылық топ мүшелерімен кездесті (фото)

Астана қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият жанындағы шығармашылық топ мүшелерімен кездесті. Кездесуде жыл соңына дейін шығару жоспарланған бірқатар кітаптардың мазмұны талқыланды.

Бас мүфти Ақтөбе облысының әкімімен кездесті (фото)

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесті.

Маңғыстау: XII республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Маңғыстау облысында Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлының 140 жылдығына арналған Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XII республикалық байқаудың іріктеу сайысы өтті.

Бас мүфти Қосшыда жаңа мешіттің іргетасын қалады (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысы Қосшы қаласының орталығында жаңа мешіттің іргетасын қалау іс-шарасына қатысты.

ҚМДБ Төрағасы қайырымдылық бағытындағы тың жобамен танысты (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда іргесіндегі Нұрлы ауданында орналасқан «Зекет және қайырымдылық» қорының тың жобасы – «QAZ-QATAR» тауық өсіру шағын фермасының жұмысымен арнайы танысты.

Жалған ақпаратқа қатысты жауап

Бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы беріп жүрген халал таңбасы заңсыз» деген ақпарат таратылуда.