Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деді:
«Аллаға иман келтіргеннен кейінгі ақылдың жоғарғы деңгейі – адамдармен жақсы қатынас орнату».
Пайғамбарымыз ақылсыз, зердесіз жандардың зияндарына тосқауыл қойып, жүректерін тура жолға бұру үшін оларға жұмсақтық танытты.
Айша анамыздан (р.а.) сахих хадисте: Бір адам Пайғамбарымызға (с.ғ.с) кіруге рұқсат сұрады. Оны көргенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қандай жаман рулас!
Қандай жаман рудың баласы!» – деді. Бірақ ол кірген соң, жүзі жайнап, онымен жылы сөйлесті.
Айша (р.а.):
«Уа, Алланың елшісі! Басында ол туралы олай дедіңіз де, кейін оған жылы жүз таныттыңыз ғой?», - деп сұрады.
Сонда ол (с.ғ.с): «Уа, Айша! Мен қашан балағат сөз айтып едім? Аллаһ алдында ең жаман адам – жаманшылығынан өзгелерді қорқытқан адам», – деді.
Басқа бір риуаятта «азғындығынан қорыққан, яғни жиіркенішті сөзі мен ісімен сескендіретін адам»-, делінген.
Әлгі адам кіріп келгенде оған ақымақ, яғни ақылы кем деп айтылған еді. Бірақ Аллаһ Елшісі оны дөрекілік пен немесе қаталдықпен қабыл алмады, керісінше сөзін жұмсартып, оған қарай жұбаныш жолын төседі.
Ғалымдарымыз бұл хадисті жұмсақ мәміленің негізі деп санап, оның жағымпаздықпен ара жігін ажыратқан:
Жұмсақ мәмілеге (мудәра) дүние не діннің пайдасы үшін немесе екеуіне бірге жұмсақтық таныту. Ол үшін сөздің жұмсақтығы, надан адамға білім беруде дөрекілікті тастау, күнәһарға бір істен тияр алдын ескерту жасағанда қаталдық танытпау: яғни оның ішкі жайы ашылып көрінбейінше, оған қаталдық танытудан бас тартқан жөн, ал егер жаман ісі анық байқалса, оны қатты ескерту арқылы айыптап, сол ісінен тыйылғанға дейін тоқтатуға болады.
материал «Пайғамбар (с.ғ.с) IQ-ы» кітабынан алынды,
ummet.kz