25 Қараша 2026, Сәрсенбі 15 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:42
Бесін 12:06
Екінті 14:33
Шам 16:20
Құптан 17:54

Қажылық: Пайғамбардың (с.ғ.с.) мешітін зиярат етудің әдептері

Қажылық: Пайғамбардың (с.ғ.с.) мешітін зиярат етудің әдептері

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітін зиярат етудің әдептері:


1). Мешітке оң аяқпен кіріп: «Бисмилләһ. Уәс-саләту уәс-сәләму ъалә расулилләһ. Аллаһуммафтах ли әбуәбә рахмәтик!» – деп айту.

Мағынасы: «Алланың есімімен! Алла елшісіне тыныштық және сәлем болсын! Уа, Алла! Маған Өз мейіріміңнің қақпаларын аша гөр!» (3)

2). Мешіттің ішіне кірген соң екі ракағат тахиятул-масжид (мешіттің сәлем) намазын оқу. Өйткені Пайғамбардың (с.ғ.с.) және басқа да мешіттерде мешіттің әдептері мен құқықтарын сақтау керек.

3). Сонан соң Алла елшісі (с.ғ.с.) және онымен қатарлас жатқан екі сахабасына: «Әс-сәләму ъаләйкә, я, расулаллаһ! Әс-сәләму ъаләйкә, я, Әбә Бәкр! Әс-сәләму ъаләйкә, я, Омар!» – деп сәлем беру.

Мағынасы: «Саған сәлем болсын, уа, Алланың елшісі! Саған сәлем болсын, уа, Әбу Бәкір! Саған да сәлем болсын, уа, Омар!» Содан кейін құбылаға бұрылып, Алла Тағалаға жалбарына дұға қылу және Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Тілесең, тек Алладан тіле, жәрдем сұрасаң, тек Алладан жәрдем сұра!» – деген сөзін еске алу (4) .

4). Мешіттің терезе-дуалдарын т.с.с. нәрселерін сипамау, сүймеу, одан артқа шегіншектеп шықпау, өйткені бұлай жасау – дінімізге жат амалдар.

5). Алла елшісіне (с.ғ.с.) жиі салауат айту, өйткені ол (с.ғ.с.): «Кім маған бір рет салауат айтса, Алла ол үшін оған он рет салауат айтады (яғни игілігіне бөлейді)», – деген (5).

6). Мәдинада болғанда барлық намаздарды Пайғамбардың (с.ғ.с.) мешітінде оқуға тырысу. Өйткені Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде оқылған намаздың дәрежесі басқа мешіттерде оқылған намаздан мың есе артық.

____________________________________________________________________________________________________

1. Сахих әл-Бұхари, Бәб фадл әс-саләһ фи масжид Макка ..., 1132. Сахих Муслим, Бәб лә тушәдду әр-рихалу ..., 3450.

2. Заһири – Құран мен сүннеттің астарына үңілместен, сыртқы мағынасына қарап, үкім беретін топ.

3. Бұл дұға кез келген мешітке кіргенде оқылады.

4. Сунән әт-Тирмизи; сахих хадис, 2516.

5. Сахих Муслим, Бәб истихбәб әл-қаул ..., 875.

материал «Фиқһ әл-ғибадат» кітабынан алынды,

ummet.kz