26 Қараша 2026, Бейсенбі 16 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:43
Бесін 12:06
Екінті 14:32
Шам 16:19
Құптан 17:54

Өз санасында жасап алған мінсіз бейнеге байланудың зияны

Өз санасында жасап алған мінсіз бейнеге байланудың зияны

Оның өзі байланатын ойы: «Менің үйім ең кемі 150 квадрат метр болуы керек, әйтпесе пәтер жалдап тұра беремін. Менің мінетінім 30 миллиондық көлік болуы керек, әйтпесе таксимен жүре беремін. Үстіме киетінім 300 мың теңгелік костюм болуы шарт, әйтпесе жұрт сыйламайды, пәлен деген ортада ешкім емеспін».


Мұның салдары:

Өмірде шынын айтсақ, кездесе бермейтін «мінсіздік» идеясына байлану адамды тұрақты күйзеліске түсіреді. Бұған дәлел кейбір елдерде салыстырмалы түрде, әсіресе жастардың арасында көбірек орын алып жататын өзіне қол салу оқиғалары. Ондай елдерде сәл қателесу, бірер жобаны ең жоғары деңгейде орындай алмай қалу, ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу секілді жағдайлардың «кешірілмейтін іс» ретінде қаралуы. Құран осындай түрдегі байланудан ескертіп: «Және де өз-өздеріңді өлтірмеңдер, ақиқатында Алла сендерге Мейірбан,» - дейді.

Біл, бұл аятта екі түрлі «өлтіру» айтылып тұр. Біріншісі: физикалық түрде. Оның мысалын айтып жатудың өзі артық. Екіншісі: міне, бұл осында біз түсіндіріп отырғандай өзін моральдық түрде өлтіру. Яғни, кейбір адамдар мінсіз болуға (перфексионизмге) бой алдырып қояды дағы, егер ойындағы сол мінсіз пікірмен сәйкеспесе, ол пікірмен келіспейтін ешкімді және ештеңені қабылдамайды. Ол осылайша тіршілікке қызу араласатын өзінің бір нұсқасынан екінші, салғырт, күйзелген, ешқандай іс ұнамайтын, ешбір істі қолға алып, жетістікке жетуге қабылетсіз нұсқасына ауысады.

Міне, бұл физикалық емес, өзін рухани өлтіру. Ал жоғарыдағы аятта Алла өзінің құлдарын осы екі түрде де өлтіруге апаратын себептерге жақындаудан тыйым салып тұр.

материал Құрманғазы Садыбаевтың «BIL» кітабынан алынды,

ummet.kz