14 Тамыз 2026, Жұма 1 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:06
Күн 04:54
Екінті 17:27
Шам 19:43
Құптан 21:30

Алланы іздеген жан және Алланы тапқан жан

Алланы іздеген жан және Алланы тапқан жан

Алланы іздеп жүрген кісінің мысалы – құдықты ұзақ қазып, ақырында күші сарқыла шаршап, суға әрең қол жеткізген адамға ұқсайды.


Ал Алланың махаббатына ие болған жан суды қаласа болғаны – Алла оған аспаннан жаңбыр жаудырады. Ол шаршап-шалдықпай-ақ, Алла берген ризықтан қалағанынша ішеді.

Егер нәпсінің барлық қалағанын бере берсең – үйіңде жылан асырап отырған адамдайсың. Сен оны тамақтандырасың, семіртесің, соңында сол жылан өзіңді шағып өлтіреді. Алла сенің бойыңда нәпсіні жаратпай, тек рухты жаратқанда – сен Оған толық бойсұнар едің, Оған еш қарсы келмеуші едің. Ал рухты жаратпай, тек нәпсіні жаратқанда – Аллаға қарсы келіп, Оған бойсұнбайтын едің. Сол үшін Алла жүрек, рух және нәпсіні қоса жаратты. Бұл дәл ара сияқты: араның бойында бал да, у да бар. Бал – оның пайдалы жағы, ал у – ашуы. Алла Тағала нәпсінің жамандыққа шақыруын жүрекпен тәрбиелеуді бұйырады. Жүректің жақсылыққа үндеуі арқылы нәпсіні тәрбиелейді.

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды, 

ummet.kz