15 Шілде 2026, Сәрсенбі 1 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:18
Күн 04:11
Бесін 12:25
Шам 20:29
Құптан 22:22

Мың ракағат намаздан артық болған намаз

Мың ракағат намаздан артық болған намаз

Түнде оқылған екі ракағат намаз – күндіз оқылған 1000 ракағат намаздан артық. Алайда сен түнде тұруға ерінесің, егер ол уақытта екі ракағат намаз оқығаныңда, қиямет күні сол құлшылығыңның таразыда табар едің.


Негізі құл қызмет ету үшін сатып алынбай ма? Әлде сен жеңіл-желпі, ұйықтап демалдыру үшін сатып алған құлды көрдің бе? Сол сияқты сен де – сатып алынған құлсың (Сенің міндетің – Аллаға қызмет ету).

Алла Тағала былай дейді: «Күдіксіз Алла мүміндердің жанын, малын жәннатқа айырбастап алды. Олар Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді» («Тәубе» сүресі, 111-аят).

Кімде-кім нәпсісіне бір құлшылықтарды, зікірлерді жүктемесе, нәпсісі оған қалауын жүргізеді. Кім нәпсісіне құлшылықты міндеттемесе, нәпсісі оған күнә жасатады. Егер нәпсіге ауыр құлшылықтарды жүктесең, ол күнә істеуді талап етпейтін еді, күнә жасауға бос уақыты болмайтын еді. Ізгі кісілердің, құлшылыққа берілген құлдардың мерекелерді тойлап, қыдырып, көңіл көтеріп, серуендеп жүргенін көріп пе едің?! Сен нәпсіңді мубах істермен, қуаныш, тойлармен әуре қылсаң, түнгі намазға тұра алмайсың. Оған былай делінеді:

«Сен нәпсіңді бізден басқа нәрселермен әуре қылдың, біз де сені бізге құлшылық етуіңнен тосамыз».

Түн ортасында оқылатын екі ракағат намаз сен үшін ұйқы тауынан да ауыр көрінеді. Ағзаларың құлшылық жасаудан құрғаған (ғибадат етуден қалған). Қураған нәрсе тек кесуге лайық; қураған жүрек отқа лайық.

Кім дүниені жүрегімен жақсы көрсе – әдемі үйдің үстіне әжетхана салғанмен тең (әжетханадағы үлкен-кіші дәреттің барлығы үйге қарай аға беріп, ақыр соңында үйдің іші де, сырты да нәжіске толады). Олардың арасында жүрегін тазартатын кісілер бар, олардың жүрегі әрдайым пәк болады. Жүрек тәубемен, зікірмен, оқумен және истиғфар арқылы тазарады. Ал сен Алланың алдында күнәлармен былғанған күйдесің. Харам ас жейсің, харам нәрселерге қарайсың. Кім шариғатқа қарсы келетін істерге бой ұрып, шәһуатқа берілсе, жүрегі қарайды.

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды, 

ummet.kz