29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Олар ақыл иелері болғанда пұттарға табынбас еді

Алладан өзгені ие етіп алғандар; ұя жасап алған өрмекшінің мысалы сияқты: Шын мәнінде үйлердің ең осалы өрмекшінің ұясы. Егер олар білетін болса ("Ғанкабут" сүресі 41-аят).

Алланың уәдесі «Жамандықты жақсылықтарға ауыстырамын»

«Әй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың мейірімінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, аса мейірімді», – де» ("Зумәр", 53).

«Қабыл болатын дұға – Оған оқылған дұға»

Қабыл болатын дұға – Оған оқылған дұға. Мүшріктердің Оны былай қалдырып, дұға етіп жалбарынған пұттары олардың бірде-бір дұғасына жауап бере алмайды. (Алладан өзгеге жалбарынғанның жай-күйі) аузыма су құйылсын деп, алдындағы бұлаққа қос алақанын жайған күйде отырған адамға ұқсайды. Алайда (ол солай тұра берсе,) су оның аузына әсте жетпейді. Міне, кәпірлердің дұға-мінәжаты (дәл сондай) бекершілік, жауапсыз қалатын дұға, одан басқа түк емес. ("Рағд" сүресі, 14-ші аят).