29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Әрбір адамның ризығын жеткізіп, тауып беретіндер – тек себепші ғана

«Жер-жаһанда ризығы Алладан келмейтін бірдебір қыбырлаған тіршілік иесі жоқ. Сондай-ақ, Ол (әрбір тіршілік иесінің анасының құрсағынан бастап бұл дүниеде) жүріп-тұратын жерін де, өлетін (һәм қойылатын) жерін де нақты біледі. Мұның барлығы анық Кітапта (Ләухул-Махфузда) жазулы» ("Һуд", 6).

Жақыным! Алланың сенімен бірге екенін барлық хәлдеріңде сезін!

«Егер сендер Пайғамбарға жәрдем етпесеңдер де, оны кәпірлер Меккеден шығарған кезде, үңгірдегі екінің бірі болған сәтте оған Алла жәрдем еткен. Сол уақытта (Мұхаммед) жолдасына (Әбу Бәкірге): «Кейіме! Расында, Алла бізбен бірге», – дегенде, Алла оған тоқтау салды. Сондай-ақ, оны сендер көрмейтін әскерлермен қолдады. Сөйтіп, кәпірлердің сөзін төмендетті. Алланың сөзі жоғары. Алла өте үстем, хикмет иесі» ("Тәубе", 40).

Адамның болмашы істермен шұғылдануы – нәпсісінің әлсіздігі

Адамның осындай болмашы істермен шұғылданып қоюына басты себеп – нәпсісінің әлсіздігі. Яғни нәпсісі әлсіз адамдар артық сөзді көтере алмайды, әрбір үрген дауысқа қарсы жауап қайырып, өз құнын түсіріп алады.

«Шарх» сүресінде айтылған бақыт кілттері

Құраннан бақыт іздеген адам мақсатына жетеді. Аяттарға ой жүгіртіп оқыса, аңсағанына қол жеткізуі жеңілдей береді. Жүрегінен бәрін шығарып тастап, Құран тіләуәтын қайталай берсе, аяттарға үңіліп, мағынасына бойлап, амал етсе, бақыт теңізінің жағалауына іліге алады. Ал енді сіздерге Алла баяндаған бақыт кілттері жайлы айтайық. Қысқа ғана сүре. Бірақ мағынасы терең, аяттары мағыналы «Шарх» сүресінде бірнеше бақыт кілттері жайлы сілтеме бар.

Құран мұсылманды осылай тәрбиелейді

«Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ ұнатқан нәрселеріңнің түбінде өздерің үшін зиянды болуы бек мүмкін. Ақиқатын Алла біледі, сендер білмейсіңдер» ("Бақара", 216).