03
Жұма,
Шілде

һижри

Адамның суретке түсуіне шариғат қарсы ма?

Әжелеріміз көзі тірісінде суретке түсіре қояйын десең, әзірейіл көргендей шошынатын. Ескінің көзін көрген қарияларымыз неге олай етті? Шынымен-ақ шариғат бойынша суретке түсуге болмай ма?

Құрамында спирті бар иіссулардың дәретке кедергісі бар ма?

Алдымен денеге немесе киімге жағылған қандай түрдегі спирт болса да, оның дәретті бұзбайтынын білген жөн. Дәрет денеден шығатын нәжістерге байланысты бұзылады.

Суррогатты ана болуға шариғатымыз не дейді?

Суррогаттық ана немесе құрсақ ана қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналды.Таратып айтар болсақ, ерлi-зайыптылардан алынған аталық ұрық пен аналық клетканы арнайы түтiкшелерде сырттай ұрықтандырып, құрсақ ана (суррогат) қызметiн ақылы немесе ақысыз түрде атқаруға ризашылығын бiлдiрген бөтен әйелдiң жатырына салу.

Шашты қара түске бояуға бола ма?

Дінімізде шариғат шеңберінен шықпай шаш бояуға рұқсат етіледі. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шашы мен сақалы ағармаса да оны бояғаны туралы деректер келген.

Әтір және соған ұқсас сұйық заттарды қолданудың үкімі

Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, Құранда айтылған «хамр» сөзі – жүзімнен жасалған шарапқа қатысты атау. Ал қалған мас қылатын (мускир) нәрселерді осыған (қияс) салыстыра отырып «харам» деп қабылдаған. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Әрбір мас қылатын нәрсе – харам» деген хадисі де осы салыстырудың дұрыстығын растауда. Әрі «Көбі харам ететін нәрсенің азы да харам» деген хадис те осыны көрсетеді.

Ішімдік ішілетін тойларға баруға бола ма?

Дастарханға арақ-шарап қойылған тойларға баруға болмайды. Өйткені Пайғамбарымыз: «Алла Тағала және ақырет күніне иман келтірген адам ішімдік қойылған дастарханға әсте отырушы болмасын» деп қатаң айтқан.

Атыс-шабысқа толы кино көру шариғатқа қайшы ма?

Атыс-шабыс, зорлық-зомбылық, кісі өлтіру секілді көріністерді жиі көру көрерменді де бірте-бірте сондай қатыгездікке бейімдейтіні бүгінгі күні дәлелденген шындық.

Қабірге құлпытас қою дұрыс па?

Адам дүниеден өткен соң тәні топыраққа жерленеді. Жерлеген уақытта қабірдің топырағы түйенің өркешіндей биіктікте ғана жерден көтерілуі тиіс.