02
Бейсенбі,
Шілде

һижри

Алыпсатарлық (Спекуляция) – харам жолмен баюдың түрі

Спекуляция немесе жалпақ тілмен айтқанда алыпсатарлық дегеніміз – харам жолмен баюды көздеген сауданың бір түрі. Өз қалтасының қалыңдауы үшін халыққа қажетті тауарды көп мөлшерде сатып алып, сол тауарға сұраныс туған кезде бағаны күрт өсіріп айналымға шығару дініміздің харам еткен ісі.

Дінге қайшы, харам табыс көздері

Дінге қайшы табыс табу жолдарына əуелі Алланың əмірі үшін жəне мұндай кіріс көзі басқалардың ақысын мансұқ еткендіктен тыйым салынған. Харам санатындағы табыс көздеріне келетін болсақ, олар мыналар: Есірткі, арақ-шарап, темекі саудасынан түскен табыс Ислам адамды ақыл-естен тандырып, өз іс-əрекетіне есеп беруден қалдыратын алкогольді ішімдіктер, есірткі, басқа да есеңгірететін заттардың саудасына тыйым салған.

Құлшылық үшін қандай тазалық керек?

Тазалық  жайлы  кітаптарда  үнемі  «хадас»  сөзі  қолданылған. Діни әдебиеттерде дәреттің болмауы мен  жүніптік жағдай «хадас» деп аталады. «Хадастан таха-рат» деп осы діни тазалық айтылады.  Хадастан тахарат – дәреті болмаған кісінің дәретін жаңалауы, ғұсыл алуға тиіс адамның ғұсыл, яғни бой дәретін  алуы.  Тазалықтың  бұл  түрінің  сыртқы  кір-қоңды  кетіру  секілді  денсаулық  тұрғысынан  пайдасы ұшан-теңіз. Бұған қоса, басқа да көптеген хикметтері бар. Хадастан арылудың 2 түрлі жолы бар:

Үй ішіне сурет ілу дұрыс па, бұрыс па?

Ескерткіш мүсін кейпінде жасалмаса, қағаз, шүберек, тақтай секілді заттарға салынған суреттер жөнінде бұлардың халал немесе харам екендігіне қатысты нақтылы хадистер жоқ.

Мас қылатын нәрсенің бәрі харам ба?

Мас қылатын барлық нәрсе харам Ислам дінінде, аз немесе көп мөлшерде болсын мас қылатын барлық ішімдіктер харам.

Мұсылман еместердің ақылары

Соғыс жағдайы, не болмаса қандай да бір қауіп төнетіндей болмаса, мұсылман еместердің ақысын жеуге, мал-мүлкіне, жеке басына қол сұғуға əсте болмайды. Тек, Исламнан безген мүртəдтардың мейлі еркек болсын, мейлі əйел болсын өмір сүрулеріне құқы жоқ. Бірақ, ол жазаның өзін мемлекет қана белгілей алады.

Риба (пайыз үстемесі) арқылы табыс табу – харам іс

Риба арқылы табыс табу Исламда харам іс. Дініміз жалпыға тиімсіз, əділетсіз нəрселерге осылай шектеу қойған. Хадистерде капиталдың белгілі бір топтың қолында ғана айналуына жол ашатын, халықты аяусыз қанауға апаратын өсімқорлық жеті үлкен күнəнің қатарында аталған.

Арнайы күндерде әйелдердің  ғибадаттардан аулақ болуының сыры

Алла тағала әйелдерді ерекше қасиетпен жаратқан  және әйелдер үшін айдың белгілі күндерінде дәретсіз  болуымен ерекшеленетін хайыз деп аталатын арнайы (сырқатты)  жағдай  орын  алатындай  етіп  жаратқан.

Дүниелік заттарға байланысты кісі ақысы

Ұрлық, тартып алу, қулық немесе алдау арқылы мал табу, біреудің дүниесіне зиян келтіру, жəне де біздің заманымызда кеңінен етек жайған пара алу сияқты əділетсіздік арқылы табылған дүние кісі ақысына жатады.

Көз, құлақ және мұрын тазалығы

Көзді  жуу  –  көздің  майда  қан  тамырларының,  бұлшық  еттерінің  жұмысын  жақсартады.  Көздің  қабынуына  сеп  болатын  микробтарды  жойып,  көз  шарасындағы кірді тазартады әрі зейінді өткір қылады.  Сонымен қатар көзді салқын сумен шаю, шаршағанды  басады.

Ысырапкершілік ету және кісі ақысы

Алла тағала адамзаттың еншісіне жер бетіндегі бар байлықты сыйлаған. Адам баласы берілген нығметтерді мақсатты əрі ұқсатып пайдалануда ұқыпты болғаны жөн. Мал-мүлікті ысырап ету Алла тағаланың нығметін аяқ асты ету, қадірін білмеу, яғни жақсылықты бағаламау болып саналады.