Қазіргі таңда көптеген дәрілерге, иіс суларға, азық-түлік құрамына т.с.с. өнімдерге белгілі бір мөлшерде спирт қосылады. Спиртті қосудағы мақсат – құрамындағы кейбір заттарды еріту және ұзақ мерзімге сақтау.
Пәтуа all
Алтын-күміс тағудың үкімі
Ерлер үшін жібек киім секілді алтын жүзік тағу да – харам. Бірақ әйелдер үшін алтын жүзік – халал. Өйткені Алла елшісі (саллалаһу аләйһи уәссәләм) «Алтын мен жібек үмбетімнің әйелдеріне – халал, еркектеріне –харам»,– деп айтқан. Хазіреті Әлиден жеткен бір хабарда Алла елшісі алтын жүзікке тыйым салған. Ибн Аббастан жет-кен бір хадисте: «Алла елшісі бір адамның қолынан алтын жүзік көріп қалып, оны қолынан шығарып лақтырып жіберіп: «Сендердің қайсы бірің қолына шоқты ұстай алады?», – дейді.
Бие сүті мен қымыздың үкімі қандай?
Биенің саумалы халал. Өйткені жылқы еті төрт мәзһаб бойынша, халал болып саналады. Еті халал малдың сүті де адал болмақ. Тіпті бие сүтінің өзге мал сүтіне қарағанда пайдасы молырақ. «Бие сүтінің химиялық құрамы пайыз есебімен алғанда мынадай болып келеді: сүттегі қант 6,7, жалпы белок 2,0, казеин 50,7 альбумин және глобулин 49,3, минералды тұздар 0,3, құрғақ заттар 11,0 пайыз. Бие сүті өзінің химиялық құрамы жағынан басқа малдардың сүтіне қарағанда өзгеше болады.
Ішімдікпен емделудің харамдығы
Төрт мәзһаб имамдарының пәтуасына қарай ішімдіктің кез-келген түрлерімен емделу және осы мақсатта (майда, тағамда, бір дәріні ерітуде) пайдалану харам. Өйткені Алла елшісі (с.ғ.с): «Алла сендерге харам еткен нәрселерде шипа жаратқан емес», – дейді.
Бір кісі де Пайғамбарымызға «мен шарапты емдік мақсатта пайдаланып жүрмін» дегенде, ол: «Ол ем емес, керісінше дерт», – деп жауап береді.
Ханафилерде егер шипа беретіні айқын білінетін болса және оның орнына басқа бір дәрі болмайтын болса, онда спирт қосылған, яки спирт арқылы ерітілген дәріні пайдалануға болатыны айтылады. Бірақ, бұл әлбетте зәру жағдайда ғана.
Егер шипа болатыны күмәнді болса, онда болмайды. Сондай-ақ Шафиғилар да ішімдік бір дәрінің ішіне араласып жоғалмайтын болса және тек ішімдік болып тұрса ғана харамдығын алға тартқан. Яғни басқа дәрі болмаған жағдайда спирті еріп басқа нәрсеге айналған немесе жоғалған дәріні пайдалануға болатынын айтады.
материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды,
ummet.kz
Жасанды кірпік және тырнақ жалғаудың үкімі
Қазіргі таңда көптеген мұсылман әйелдердің жасанды кірпік пен тырнақ жалғауы әдетке айналуда. Ислам шариғатында тырнақ жалғау былай тұрсын тырнақты өсірудің өзі күнә.
Нифақ (екіжүзділік) адамды құрдымға жеткізеді
Екіжүзділік (нифақ) аты айтып тұрғандай мұсылмандар арасында мұсылманмын деп, олардың көзінше шариғаттың амалдарын жасап, ал өзі жеке қалғанда жан дүниесі Исламға қарсы адам. Яғни жақсылықты сырттай көрсетіп, күпірлік (имансыздық) мен жамандықты іште жасырады. Ол күпірлік, ширк және пасықтық секілді бірнеше түрге, әрі деңгейге бөлінеді.
Кәсіп ретінде Құран оқу дұрыс па?
Ханафи ғұламаларының көпшілігі ақылы Құран оқуды дұрыс көрмеген. Өйткені, Құран оқу белгілі бір адамның жекеменшігі емес, әрбір мұсылманға тиесілі құлшылық болып табылады. Сол себепті, әрбір мұсылман Құран оқитын адам жалдаудың орнына, қайтыс болған жақындарына өзі Құран оқып, бағыштауы керек.