02
Бейсенбі,
Шілде

һижри

Жұмыс беруші мен жұмысшы, бастық пен бағыныштылардың ақысы

Дінімізде жұмыс беруші мен жұмысшы қатынастары мәмілеге келу, өзара жәрдемдесу, құқық жəне әділдік негіздеріне құрылған. Жұмыс беруші, жұмысшы, қызметкер, бастық деп, қолындағы билігіне қатысты бөлінбей әркім алдындағы асыл адалынан жеу үшін бір-бірінің ақысына абай болғаны абзал. Жалданған жұмысшыға төленетін жалақы оның еңбегіне лайық болғаны жөн. Ал жалақы табушы да өзіне төленген тиын-тебенді адал алуға тырысып, қызметтік міндеттерін не болмаса тапсырылған істі барынша тиянақты орындауға тырысса нұр үстіне нұр болары хақ.

Діни тұрғыдан таза саналатын нәрселер

Жер бетіндегі су, тау-тас, өсімдіктер мен ағаштар, жемістер, гүлдер, т.с.с. табиғат әлемі, доңызды қоспағанда барлық жан-жануарлардың ауыр не жеңіл нәжәсат тимеген денесі (Доңыздың еті, терісі, түгі, яғни бүкіл денесі нәжіс. Киімге немесе денеге жоғарыда аталғандардың бірі тисе былғанғандықтан жуып тазалау шарт). Шафиғилер доңызбен қатар итті де нәжіс санайды.

Ағайындық және қонақта болғанның ақылары

«Жақыннан күдер үзгендер

Жақынын ұрып жат қылар.

Жылқыдан күдер үзгендер

Биесін сатып ат қылар.

Жақсы болса ағайын

Көңіліңді шат қылар.

Жаман болса ағайын

Өзін өзі жат қылар» – деп Майлықожа ақынның жырлағанындай, туыстық қатынастарды берік ұстану, туыстық ақыларға зор ықыластылық таныту о бастан қазаққа сіңісті мінез.

Жарлының дәулетті адамдағы ақысы

Кедейдің бай адамдағы ақысы дегенде ойға көбіне көп материалдық жағынан қарасу жайы оралады. Бірақ, бұл онымен шектеліп қалмайды. Ең əуелі кедей де саналы адам, Құдайдың құлы, олай болса айтылған тыйымдар оған да қатысты.

Діни тұрғыдан таза және нәжіс (лас) саналатын нәрселер

Діни терминологияда заттай кір мен ластықты «нәжәсат», ал ластанған, былғанған нәрселерді «нәжіс» дейді. Нәжәсаттан тазалану дегеніміз, денені, киімді және намаз оқитын орынды адамның зәрі, үлкен дәреті, жануарлардың зәрі мен қиы (тезегі), қан секілді, т.б. діни тұрғыдан лас саналатын нәрселерден тазарту Нәжәсат қаншаға бөлінеді?

Кір жууға арналған ұнтақ діни тұрғыдан таза болып санала ма?

Негізінен, мұндай мәселеде кір жуатын ұнтақтың құрамында нәжіс саналатын қоспалар қосылыпқосылмағандығына назар аударған жөн. Бұл химия өнеркәсібіне, тұрмыстық химияға қатысты мәселе.

Құндыз тон киюге рұқсат па?

Жер бетіндегі барлық нәрсе адамның қолайлы өмір сүруі үшін жаратылған. Ол – Құдайдың пендесіне берген нығметі, сый-сияпаты. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап сол нығметтерден пайдаланады.

Әлеуметтік желіге тәуелді боп қалдым...

Қазіргі таңда смартфон, гаджеттер айнымас серігімізге, ал әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Біріміз қажеттілікпен, кейбіріміз көптен қалмайын деп тіркеліп, құрылғының бетін ғұмырымыздың айнасы етіп үлгердік. Біреудің күнкөріс кәсібіне, енді біреудің ермегіне айналған желілер қалың жұрттың жарнама қызметіне де жарап тұр.

«Құранды басып нанды ал» деген сөзді қалай түсінсек болады?

«Құранды басып нанды ал» деген сөз адам өмірінің қаншалықты құнды екендігін көрсету үшін салыстырмалы түрде айтылған дүние. Аштықтан үзілуге шақ қалған жан жоғарыда тұрған бір үзім нанды көрсе соны алып, өмірін құтқарып қалуы тиіс.

Жолыңызды қара мысық кесіп өтсе...

Мысалы, ол кездің адамдары бір жапалақ келіп үйінің шатырына қонып, дауыс шығарса «басымызға бәле келгелі тұр» деп қорқады екен. Құстардың аттарынан, ұшқан бағыттарына қарап, ырымдап жататын. Пал ашатын оқтарға да ерекше мән беріп, сол оқтардың шыққанына қарай бір істі жасап-жасамауға қатысты шешім қабылдайтын.