02
Бейсенбі,
Шілде

һижри

Алимент төлеудің діндегі үкімі

Алимент дегеніміз – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Алименттің көп таралғаны – баланы асырауға төленетін төлемдер. Шариғатымызда алимент деген түсінік болмағанымен нәпақамен қамтамасыз ету ұғымы бар. Яғни отағасының жауапкершілігіндегі жандарды қажетті нәрселермен (азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, баспана т.б.) қамтамасыз ету.

Тұрғын үй үшін пайызды несие алуға салынған тыйым

Бүгінгі таңда көптеген мұсылманның баспана сатып алу үшін банктен пайызды несие алып, өсімқорлыққа ортақтасып жатқан жайлары өте жиі кездеседі.

Ұстаз бен шәкірт ақысы

Инемен құдық қазғандай білім жолында талмай іздену адам баласының табиғатына тəн. Қай заманда болмасын адамзат өркениет шыңдарына ақыл-парасаттың, білімнің күшімен жеткен. Сол биікке жету жолында адам табиғатындағы беймəлім дүниені танысам деген түйсік қозғаушы күш болған. Ұстаз ұғымы кісі өмірінде үлкен мəнге ие. Əсіресе, қазіргі заманда ұстаз алдын көрмеген адам кемде-кем.

Әлеуметтік желіде «смайлик» жіберу харам дейді. Осы қаншалықты рас?

Ислам ғалымдарының пайымдауынша, суреттегі жанды заттың тірі кезінде онсыз өмір сүре алмайтын бір ағзасын суреттен өшіріп тастаса яки суретті сол жерінен жыртып тастаса, ол сурет мәкрух (үкімінде) болудан шығады[1].