ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің дін қызметкерлері арасында футболдан «Салауатты діни маман» жарысы өтті.
Жаңалықтар
Ақтөбе: Жалғызбасты анаға үй сыйлады
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе өкілдігінің жылдық жоспарына сәйкес, Мұғалжар ауданы Ембі қаласында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша 621-үй берілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларына көмір таратылды (фото)
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен республикалық «Иман» журналының 20 жылдығы аясында елордадағы 20 отбасыға көмір таратылды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға бір мезетте дұға жасалды (фото)
Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен бесін намазы кезінде еліміз бойынша бір мезетте Құран оқылып, дұға жасалды.
ҚМДБ Төрағасы: Әбсаттар хазірет сайын даланың саңлақтарын түгендеді (фото)
Бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы мен мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметінің 50 жылдығына арналған «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында басталған халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.
Әбсаттар Хазіреттің қос кітабының тұсаукесер рәсімі өтті (фото)
Бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференция барысында көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Әбу Насыр әл-Фараби Қазақстан және шетел ғалымдарының зерттеулерінде», «Ғалымның ғибратты жолы» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы дәрісхана ашылды (фото)
Бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференция барысында көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлі атындағы дәрісхананың ашылу рәсімі өтті.
Бас мүфти халықаралық конференцияда баяндама жасады (фото)
Бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы мен мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметінің 50 жылдығына арналған «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасады.
Діни сараптама мамандарының семинары өтті
29 қараша мен 1 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Діни сараптама бөлімінің Астана мен Алматы, Шымкент және облыстардағы бекітілген жауапты мамандарына арналған онлайн семинар өтті.
Елорда имамдарына «Пәтуа берудің әдіс-тәсілдері» түсіндірілді (фото)
Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде Елорда имамдарының біліктілігін арттыруға бағытталған кезекті семинар жұмысы өтті. Семинарға қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер ұжымы қатысып, пәтуа жұмыстарына қатысты білімдерін толықтырды.
Елордада «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық мұрат» атты семинар өтті
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты Көктал мешітінде «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық мұрат» атты имамдардың білімін жетілдіру семинары өтті. Ұлт ұстазының өнегелі өмірі мен мұрасы ұлықталған семинарға Елорда мешіттерінің бас имамдары мен діни қызметкерлер қатысты.