29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтауы

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

 Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық, мол бақыт, мықты денсаулық, бірлік пен татулық тілеймін.

Біріншіден, бүгінгі сындарлы сәтте ең әуелі әр отбасында өзара сүйіспеншілік пен сыйластық, бірлік пен құрмет сынды құндылықтарды арттырудың маңызы ерекше. Бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қараған абзал. Отанның өзі отбасыдан құралады емес пе? Халқымыз: «Отан –  отбасыдан басталады», – дейді.

Екіншіден, ұжымдағы бірлікті нығайтуға мән берілсе. Бұл ретте түрлі сала басшыларына көп міндет жүктеледі. Уақытының көп бөлігін жұмыста өткізетін азаматтар арасында өзара сыйластық сынды адамгершілік құндылықтар қалыптасса, бұл жағдай отбасы мен қоғамдағы бірлікке оң әсер етеді.

Үшіншіден, ағайын арасындағы татулыққа мән берсек. Қуаныш пен қайғыда бірге болу – туыстық қарым-қатынасты арттыратын адамгершілік қасиет.

Төртіншіден, қоғамдық бірлік – аса маңызды мәселенің бірі. Бұған әр азамат үлес қосуы тиіс деп есептеймін. Өйткені, еліміздің игілігі мен бірлігіне үлес қосу – өз болашағымызға үлес қосу.

  

Құрметті жамағат!

Алла Тағала қасиетті Құранда біздерге«Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, ажырап бөлінбеңдер» («Әли-Имран» сүресі, 103-аят) - деп бұйырса, ал ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен орталарыңнан кеткеннен кейін баяғы бітпейтін ұрыс-керіске, дау-дамайға қайта бой алдырмаңдар» деп қашан да бірлік туы астында болуды өсиет еткен. Осы ретте баршаңызды өзара бауырмал болуға шақырамын.

Жаратушы Жаббар Иеміз халқымыздың бірлігі мен ынтымағын баянды еткей. Бірлігіміз бекем болғай. Әмин!

muftyat.kz

Шымкент: Бас мүфти атынан 2000 адамға ауызашар себеті үлестірілді

Шымкент қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан ораза ұстаған тұрғындарға «Ауызашар себеті» үлестірілді. 

Шымкент: 6 кәсіпкерге «Халал Даму» сертификаты берілді

Шымкент қалалық орталық мешітінде «Халал Даму» ЖШС-ның Шымкент қаласындағы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Халал тағам: адал мен күмән арасы» атты іс-шара өтті.

Теміртауда 371-баспана кілті табысталды

Қарағанды облысы Теміртау қалалық «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында 371-баспананың кілтін табыстау шарасы өтті.

«Әжелер өнегесі» мектебі қайырымдылық шарасын өткізді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай тағы бір қайырымдылық шарасы өтті.

Маңғыстау: Екі имамға қызметтік баспана берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 369 және 370-ші пәтерлері Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің екі имамына берілді.

Елордада мешіт жамағатына ораза анықтамалығы таратылды

Қасиетті Рамазан айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «Оразаға қатысты 150 сұрақ» анықтамалық кітапшасы жарық көрген болатын.

Түркістан: 373-пәтер көпбалалы отбасыға берілді

Рамазан айында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Түркістан қаласы бойынша өкілдігі «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен үш үй беруді жоспарлаған еді.