Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты елді мекеніндегі жаңа мешіттің ашылуына қатысты.
Жаңалықтар
ҚМДБ төрағасы Қособада мешіт қазығын қақты
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған сапарында Сырым ауданы Қособа ауылында салынатын жаңа мешіттің қазығын қақты.
Наурызбай қажы Тағанұлы 401-үйдің кілтін табыстады
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында Сырым ауданы Жымпиты елді мекенінде өткен «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық іс-шарасына қатысты.
Бас мүфти он тоғызыншы қайырымдылық мекемесінің ашылуына қатысты
Бүгін Батыс Қазақстан облысына ресми сапармен барған Наурызбай қажы Тағанұлы Орал қаласының іргесінде салынған Қайырымдылық мекемесінің ашылуына қатысты.
Салтанатты жиында Бас мүфти: «Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беріп келеді. Соның бірі – қайырымдылық жұмыс.
Біз қазақ балаларын оқытып, оларды отаншылдық, патриоттық, имандылық бағытта тәрбиелеу мәселесіне назар аударып, облыс орталықтарынан қайырымдылық мекемелерін ашып жатырмыз. Негізгі мақсатымыз – жеке тұлғаны имандылыққа, адамгершілікке, ұлттық салт-дәстүрге сай тәрбиелеу, баланың ғылымға, өнерге, әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту, оларды патриотизмге баулу, тәрбиеленушінің денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды зиянды әдеттерден сақтау, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік-рухани көмек көрсету, жетім балаларды әлеуметтік қолдау, т.б.
Бүгін біз тариxи сәттің куәсі болып отырмыз. Бәйтерек ауданындағы «Асан ауылдық мешіті» жанынан қайырымдылық мекемесін ашып, ел игілігіне беріп отырмыз. Алла Тағала осы ғимараттың ашылуына атсалысқан барша азаматтарға мол сауаптан жазғай! Осы жерден болашақ ғалымдар мен ел игілігі үшін қызмет ететін азаматтар шығады деген сенімдемін» деді.
Айта кетсек, екі қабаттан тұратын ғимаратта шәкірттер үшін жатақхана, спорт зал, дәрісхана, іс-шаралар өтетін арнайы зал бөлмесі бар.
Еліміз бойынша 19 қайырымдылық мекемесі жұмыс істейді.




ҚМДБ төрағасы «Жусан» операциясымен елге оралған әйелдерге насихат айтты
Бүгін Батыс Қазақстан облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы орталық мешітте «Жусан» операциясымен елге оралған қыз-келіншектермен сұхбаттасып, сұрақтарына жауап берді.
«Халқымыз «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» дейді. Қателіктен сабақ алып, өмірімізді өзгерту – адамдық ісіміз. Аллаға шүкір, пәтуа беретін мүфтиятымыз бар. Ғалымдарымыз діни терең сұрақтарға жауап беруде. Діни басқарма жанындағы ақпарат беру орталығы тәулік бойы қызмет етуде. Мемлекетіміз кез келген кезеңде қандай жағдай болмасын өз азаматтарына қамқорлық танытып келеді.
Қателік жасау адам табиғатына тән құбылыс болғандықтан, пенде «мен қателік жасадым» деп үмітсіздікке салынбау керек. Керісінше, келешегі жақсы болатынына үміт артып, жақсылығын күту қажет.
Үміт етудің бір ғана жолы бар. Ол – Алла Тағалаға шынайы түрде иман келтіріп, келешекке сеніммен қарау. Діни басқарма сіздерге әрқашан көмек қолын созуға дайын» деп атап өтті.
Кездесуге қатысқан қыз-келіншектер Бас мүфтиге сауал қойып, өтініш-тілектерін жеткізді.




Сауд Арабиясы өз шекарасын бірқатар елдерге ашты
Әлемдік пандемияға байланысты қасиетті Мекке мен Мәдинаға баруға шектеулер қойылғалы бір жылдан асты.
Бас мүфти облыс әкімімен өңірдегі діни ахуалды талқылады
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен кездесті. Кездесуде өңірдегі діни ахуал мәселесі сөз болып, деструктивті діни ағымды алдын алу, осы бағытта оңалту жұмыстарына қатысты іс-шараларды бірге жүзеге асыру, имамдардың біліктілігін көтеру мәселесі жан-жақты талқыланды.
Бас мүфти мен облыс әкімі мешіт іргетасын қалады
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орал қалалық мешітінің іргетасын қалады.
Қызылорда: мұқтаж отбасына баспана берілді
Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қармақшы ауданына арнайы іссапармен барды.
Өскемен мешіттері Риддер тұрғындарына көмектесті
10 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Лесхоз кентінде орман өрті шығып, 1 адам қаза тауып, 35 баспана және бірнеше шаруашылық ғимараты өртеніп, бірталай зиян келген еді. Қазіргі уақытта өрт зардаптарын арылту, үйсіз қалғандарды баспанамен қамту ісі облыс әкімдігі тарапынан қолға алынып жатыр.
Ақтөбе: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 түп ағаш отырғызылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, өкілдіктерге әртүрлі іс-шаралар өткізуді тапсырған болатын.