ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Өскемен аймақтық өкілдігі қасиетті Рамазан айында 78 970 мұқтаж отбасыға көмектесті.
Жаңалықтар
Семей: Мешіт күзетшісіне баспана берілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Ораза айт күні Семей аймағы, Аягөз қалалық мешітінің күзетшісі Нұрлан Мырзаханұлы баспаналы болды.
Ақмола: Айттың құрметіне қайырымдылық жасалды
Рамазан айындағы оразаны ыстық ыждақатпен өткізген мұсылман қауым Айт мерекесін де қуанышпен қарсы алды. Бүкіл мешіттерде Айт намазы оқылып, ізгі тілектер тіленді.
Медресе түлектері ұстазға құрмет көрсетті
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, елордадағы «Астана» және Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медреселерінде шәкірт тәрбиелеп, өзіндік ізін қалдырған Хасан Аманқұловқа шәкірттері құрмет көрсетіп, Ораза айтта ерекше сый жасады.
6871 отбасыға 53 тонна азық-түлік таратылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу үшін арнайы жоспар бекітіп берген болатын. Мінеки көзді ашып-жұмғанша бір ай зуылдап өте шықты. Ақтөбе өңірінде Рамазан айы бойы атқарылған игі іс-шаралар қорытындыланды.
Маңғыстау өңірінде қос отбасыға пәтер берілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 386 және 387-ші баспананың кілті табыс етілді.
«Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлының ұйытқы болуымен, сондай-ақ мешіт жамағаттың қолдауымен Жаңаөзен шаһарында өткен алғашқы шара барысында жылдап пәтер жалдап келген Зиялы Абдулазизұлы есімді азаматтың отбасы қуанышқа бөленіп, 386-шы үйдің иесі атанды.
«Біріншіден Алланың қалауының, екіншіден сіздердің қолдауларыңыздың арқасында Рамазан айында осы мақсатымызға жетіп отырмыз. Ізгі іс-шараға қолдау білдірген НГДУ-3, НГДУ-4, УОС-2, БЖБ мекемелеріне, мешіт жамағатына және Жаңаөзен тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Мүбәрак айдағы әрбір игі істеріңіз бен берген садақаларыңызды Алла қабыл етсін», деді Мырза Мұхаммадюсуфұлы.
Сонымен бірге Мұнайлы ауданының бас имамы Руслан Сағынтайұлының бастамасымен және жергілікті жамағаттың қолдауымен аудандық орталық «Миғраж» мешітінде 10 жылдан аса уақыт қызмет атқарған, жалғызбасты ана Несиба апамызға 387-ші пәтердің кілті табысталды.
«Несиба апамыздың бұл шаңырағы берекелі болып, іші қуанышқа бөленсін! Рамазан айында табысталған бұл баспанаға үлес қосқан жандарға Алла Тағала разы болсын!», деді Руслан Сағынтайұлы.
Екі шараға да «Зекет» корпоративтік қорының жергілікті өкілі Іздібай Бегенұлы арнайы қатысып, дін қызметкерлеріне, еріктілерге зор алғысын білдірді.


Талдықорған: Қайырымға толы ай өтті
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, Айт мерекесіне дейін мейірім мен қайырымға толы сауапты амалдар Талдықорған өңірінде тоқтаған емес.
Алматы студенттерінің Құран жарысы қорытындыланды
Қасиетті Рамазан айында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары студенттеріне арналған Құран қариларының жарысы мәресіне жетті.
Бас мүфти «Бақытты шаңырақ» қорына көмек көрсетті
Рамазан айының соңғы күні ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Бақытты шаңырақ» мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін отбасылар қорына арнайы барды. «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен орталық қызметкерлеріне Ораза Айт сыйлығы үлестірілді.
Нұр-Сұлтан: Шәкірттер арасында хадис жаттау жарысы өтті
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шейх Кунта қажы» мешітінде елорда мешіттерінің шәкірт қыздары арасында хадис жаттаудан жарыс өтті. Жарысқа 33 шәкірт қатысып, білімі мен жаттау қабілетін сынға салды.
Салтанатты байқаудың ашылуына арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірген «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамы Ибрагим Сматаев ардақты Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін сүйіп, хадистеріне амал етудің қаншалықты абзал амал екендігін айтып, жарысқа қатысушы шәкірттерге ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ мешіт ұстазы Лаура Арыстанбекқызы қатысушыларға жарыс тәртібін түсіндіріп, «Шейх Кунта қажы» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отырған шараның мақсат-маңызын атап өтті.
Шәкірттер білімін «Ғылмани» мешітінің ұстазы Айгүл Көксеген мен «Шейх Кунта қажы» мешітінің ұстазы Лаура Арыстанбекқызы сараптап, жалпы ұпай саны бойынша жүлдегер анықталды. Жүзден жүйрік шығып, жеңіс тұғырынан табылған төмендегі шәкірттерге арнайы сыйлықтар табысталды:
1 орын - Айша Оздоева («Шейх Кунта қажы» мешіті)
2 орын - Ақмаржан Алиакбар («Сәдуақас Ғылмани» мешіті)
3 орын - Айша Мацеева («Шейх Кунта қажы» мешіті)





Ақтөбе: 1 миллион теңге зекет үлестірілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Алмат Амангелдіұлының ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Айжарық» шаруа қожалығының басшысы Қажымұқан Тыныштықұлы мұқтаж отбасыларға зекетін үлестірді.