Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ-ның Шымкент қалалық өкілдігінде қасиетті айда «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» қайырымдылық шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Жаңалықтар
Маңғыстау: Түркия консулдығының тартуы
«Расында, мүміндер – бір-біріне бауыр» деген Құран аятын басшылыққа алған Түркия елінің «Türkiye diyanet vakfi» қоры ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорымен бірлесіп, ерекше қайырымдылық шарасын өткізді.
Аймақтық Құран жарысы өтті
ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне мешіт жамағаты арасында «Рамазан – Құран айы» атты аймақтық Құран жарысын өткізді.
Атырауда көпбалалы отбасыға үй берілді
Атырау облыстық «Иманғали» мешіті, қала әкімдігі мен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айында тағы бір баспана мұқтаж отбасыға табыс етілді.
Алматыда «Абай Құнанбайұлы» мешіті ашылды
Бүгін Алладан сауап үміт еткен жомарт жандардың демеушілігімен Алматы қаласы Жетісу ауданында «Абай Құнанбайұлы» мешіті есігін айқара ашып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
«Нұр Астана» мешіті: қарттарға құрмет көрсетті (фото)
Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған «Нұр Астана» мешіті бүгін Ақмола облысы, Аққайың ауылына қарасты Малотимофеевка атанып кеткен қарттар мен мүгедектерге арналған үйге арнайы барып, қарттарға құрмет көрсетті.
Бас мүфти «Нұр» балалар үйіне барды
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына қызмет сапарымен барды. Бас мүфти алдымен Талғар ауданында орналасқан «Нұр» балалар үйіне барды.
Жаңа мешітте қайырымдылық шарасы өтті (фото)
Алматы облысы Талғар ауданынан жаңадан ашылған Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітінде қайырымдылық керуені өтті. Іс-шараға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.
«Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешіті ашылды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы аймағына жұмыс сапарында Талғар ауданында орналасқан Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітінің ашылуына қатысты.
Жамбыл: Қордай ауданының әкімі 200 адамға ауызашар берді
Жамбыл облысы, Қордай ауданының әкімі Рүстем Рысбайұлы аудандық мешітте екі күн бойы 200 адамға ауызашар берді.