Қарағанды облысы, Теміртау қаласы орталық мешітіне мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның есімі берілді.
Жаңалықтар
«Рамазан-2021» мобильді қосымшасы іске қосылды
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде арнайы діни ақпарат беру орталығы (call-center) жұмысын бастап, «Рамазан 2021» мобильді қосымшасы іске қосылды.
Садақа – Аллаға жақындатар амал
Енді мешітке келмей-ақ қайырымдылық шараларға атсалысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға болады. Ол үшін kaspi.kz қосымшасы болса жеткілікті.
Биылғы пітір садақаның мөлшері белгіленді
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының, зекет пен підияның мөлшері анықталды.
Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісі өтті. Онлайн режимде өткен мәжіліске наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, бөлім басшылары мен бас имамдар қатысты.
Санитарлық талаптарды сақтай отырып ауызашарлар ұйымдастырылады
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде санитарлық талаптарды сақтай отырып ауызашарлар ұйымдастыру жайы қаралды.
ҚМДБ құжаттары бойынша білім сайысы өтті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде Республикалық имамдар форумы өткізіліп келеді. Форумдарда ел мұсылмандары мен дін қызметкерлеріне қажет жалпы саны 11 құжат қабылданған болатын.
Нұр-Сұлтан: Әйелдер арасында дұға жаттаудан жарыс өтті
Нұр-Сұлтан қаласындағы «AQMESHIT» мешітінде әйел шәкірттер арасында «Дұға – мұсылманның қорғаны» атты сайыс өтті.
Әйелдерге арналған семинар-тренинг өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында «Халал Даму» мамандарының ұйымдастыруымен «Әйел – отбасының берекесі» семинары өткізілді.
Хусамуддин ас-Сығнақидың «Тәсдид» кітабы оқырманға жол тартты
Қазақ жерінен шыққан бірегей ғалым Хусамуддин ас-Сығнақидың «Тәсдид» еңбегінің тұсауы кесіліп, қалың оқырманға жол тартты.
Әбсаттар қажы Дербісәлі атындағы аудитория ашылды
Нұр-Мүбарак университетінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти қызметін атқарған шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Әбсаттар қажы Дербісәлі атындағы аудитория ашылды.