Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары барысында Каирде орналасқан ең көне, тарихи Сұлтан Бейбарыс мешітінде болып, Ислам өркениетіне ерекше үлес қосқан баба рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.
Жаңалықтар
Бас мүфти Марокконың дін қайраткерімен сұхбаттасты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары барысында Марокконың бұрынғы мүфтиі, бүгінде аталған елдің Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым Марзуқ Аулад Абдолламен сұхбаттасты.
ҚМДБ: Малайзиямен әріптестік байланыс беки түспек
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында өтіп жатқан «Діндер мен мәдениеттер арасындағы диалог» атты халықаралық конференция аясында Малайзияның аймақтық мүфтиі Лұқман қажы Абдулламен кездесті.
Бас мүфти Каирде басталған халықаралық конференцияға қатысты
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында басталған "Діндер мен мәдениеттер арасындағы диалог" атты Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің 31-інші халықаралық конференциясына қатысты.
Облыстық мешіт білімді маманмен толықты
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жаңа маманмен толықты.
Тұтынушыларға оқу-семинар өткізілді
«QMDB halal» оқыту және білім жетілдіру орталығында тұтынушылар мешіт жамағатының қатысуымен оқыту семинары өткізілді. Семинарды «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог мамандар Данияр Сафиев пен Арай Бақытқызы жүргізді.
Университет мен медресе-колледж меморандумға қол қойды
Нұр-Мүбарак университетіне арнайы келген Әбу Ханифа медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет бастаған делегацияны ректор, профессор Мұхаммад Аш-Шаххат қабылдады.
Түркістан қаласының бас имамы тағайындалды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Түркістан қаласының бас имамы болып Ұлықбек Әлиакбарұлы тағайындалды.
Мұқтаж отбасыларға 10 тоннадан көмір түсірді
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өңірде бірқатар қайырымдылық шаралары өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мешіт ашылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Қызылорда облысына қарасты Ақсуат ауылдық округінде жаңа мешіт ашылды.
Бас мүфти жеті бағыт бойынша бір айлық жұмыстың есебін тыңдады
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Аппарат жиналысы өтті. Күн тәртібінде жеті бағыт бойынша ақпан айында атқарылған жұмыс есебі тыңдалды.