29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Абай ауданында тағы бір жаңа мешіт бой көтерді

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Құндызды елдімекенінде «Байтөлек қажы» атындағы мешіт ашылды. Ауыл халқының жәрдемімен бой көтерген құлшылық үйінің ресми ашылуына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Ресми шара барысында Діни басқарма Төрағасы Алла ризалығына жетелейтін амалдар соның ішінде мешіт салудың сауабына тоқталды.

Бас мүфти «Құнанбай қажы» мешітінің ашылуына қатысты

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген жаңа мешіттің ашылуы рәсімі өтті. Игі шараға Семей өңіріне арнайы келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров және жергілікті ақсақалдар қатысты.

ҚМДБ ұжымы Каирдегі студенттердің тыныс-тіршілігімен танысты

Мысыр Араб Республикасына ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы делегациясы Каирде діни білім алып жатқан қазақстандық студенттердің тыныс-тіршілігімен танысып, насихат айтты.

Бас мүфти Мысыр сапарының қорытындысы туралы сұхбат берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапарының қорытындысы туралы «Халық арна» мен жергілікті мемлекеттік телеарналарға сұхбат берді.

Діни басқарма делегациясы Каирде тарихи мешіттерді аралады

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы делегациясы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында орналасқан Сұлтан Бейбарыс, Қалауын Сұлтан сынды тарихи мешіттерді аралады. Мешіт қызметкері делегация мүшелеріне көне тарихтан сыр шертетін ғимараттар жайлы жан-жақты мәлімет берді.

Бас мүфти Каирде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында өткен Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің кезекті халықаралық конференциясы аясында Сауд Арабия Корольдігінің Шура кеңесінің мүшесі Һәзза әл-Кәһтанимен кездесті.

ҚМДБ: Каирдегі Ислам ғылыми орталығымен ортақ жобалар жүзеге асады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған сапарында әл-Азһар университеті жанындағы Ислам ғылыми зерттеу орталығының директоры Назир Мұхаммед Иядпен кездесті.

Пәтуаға жауапты қызметкерлердің онлайн жиыны өтті

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы бөлім мамандары мен қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлердің қатысуымен онлайн жиын өткізді.

30 отбасыға қайырымдылық жасалды

ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің Әйел-қыздар секторы барлық мешіттер жанынан әйел-қыздар бөлімдерінің қызметін жандандыру және жетілдіруді тапсырған болатын. Осыған орай Теміртау орталық мешітіне қарасты әйел-қыздар секторы көптеген ізгі шараларды ұйымдастыруда.