29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Биылғы Рамазан айы 19 ақпанда басталады

Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

ҚМДБ делегациясы Сан-Францискодағы қазақ диаспорасымен кездесті

АҚШ-қа жасалған жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ делегациясының кезекті рухани кездесуі әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі, халықаралық рейтингтерде тұрақты түрде үздік ондыққа кіретін Stanford University қабырғасында өтті.

ҚМДБ Төрағасы Сан-Франциско шығанағы аймағының имамымен кездесті

АҚШ-қа жасалған жұмыс сапары аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сан-Франциско шығанағы аймағындағы ірі ислам орталықтарының бірі — Muslim Community Association (MCA) of the San Francisco Bay Area (Сан-Франциско шығанағы аймағындағы Мұсылман Қауымдастығы) директоры, имам Фуад Мұхаммед мырзамен кездесті.

Бас мүфти Стэнфорд университетіндегі мұсылман қауымымен жұмысқа жауапты өкілмен кездесті

АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі Стэнфорд университеті жанындағы Діни және рухани өмір кеңсесінде қызмет атқаратын, университеттегі мұсылман қауымымен жұмысқа жауапты өкіл, Құран оқудың он қырағаты бойынша иджаза иесі Әмина Дәруиш (Dr. Amina Darwish) ханыммен кездесті.

Түркі елдері ғалымдары Самарқандта пәтуа мәселелерін талқылады

Өзбекстан Республикасының тарихи Самарқанд қаласында ақпанның 2-3 аралығында Түркі мемлекеттері ұйымы Бас мүфтилер алқасының жанындағы Пәтуа кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан ғалымдар мен дін мамандары қатысты.

Чикагодағы қазақ диаспорасымен рухани кездесу өтті

АҚШ-қа жасалған жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ делегациясы Чикаго қаласындағы қазақ диаспорасы өкілдері және студенттермен рухани кездесу өткізді.

Бас мүфти Техас штатындағы Хьюстон қаласында отандастармен жүздесті

АҚШ-қа жасалған жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ делегациясы Техас штатындағы ірі мегаполистердің бірі — Хьюстон қаласындағы қазақ диаспорасы өкілдері және студенттермен рухани кездесу өткізді.

ҚМДБ делегациясы Вашингтонда қазақ диаспорасымен рухани кездесу өтізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ делегациясы Америка Құрама Штаттарына жасалған жұмыс сапар аясында АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің ұйытқы болуымен Вашингтон қаласында тұратын қазақ диаспора өкілдері мен студенттермен рухани кездесу өткізді.

ҚМДБ Төрағасы Нью-Йорк қаласындағы Қазақстанның бас консулымен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Америка Құрама Штаттарына жасаған жұмыс сапары аясында Нью-Йорк қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Рауан Манатұлымен екіжақты кездесу өткізді.

ҚМДБ делегациясы Нью-Йоркта қазақ диаспорасымен рухани кездесу өткізді

АҚШ-қа жасалған сапар аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ делегациясы Нью-Йорк қаласындағы қазақ диаспорасы өкілдері және студенттермен рухани кездесу өткізді. Кездесуге ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров пен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев та қатысты.