29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бірлік күнінің маңызын атап өтті

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтуге бағытталған «Әз-Наурыз – ырыс пен бірлік мерекесі» атауымен өткен рухани-мәдени іс-шарада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша жамағатты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында 909 отбасыға баспана кілті табысталды

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Әз-Наурыз – ырыс пен бірлік мерекесі» атты мәдени шара барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында  9 перзент тәрбиелеп отырған отбасыға 909-шы баспана кілтін табыстады.

Ғұламалар кеңесінде пәтуалар қабылданды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Түркістан қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің 48-інші мәжілісінде бірқатар пәтуалар қабылданды.

Республикалық Құран байқауының жеңімпаздары анықталды

Түркістан қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Құранды жатқа оқудан қыздар арасындағы V республикалық байқаудың марапаттау рәсімі өтті.

ҚМДБ Төрағасы «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты республикалық конференцияға қатысты

Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Аталған жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Түркістан облысы әкімі Нұралхан Оралбайұлы арнайы қатысты.

Алматылық дін қызметкерлері кезекті аттестациядан өтуде

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы діни қызметкерлердің республикалық кезекті аттестациясы басталды.

ҚМДБ Төрағасы халықаралық конференцияға қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыға сапары барысында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өткен «Ислам ғұламасы Қиуамуддин Әмір Кәтиб Әл-Фараби Әл-Итқани: Өмірі мен мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, арнайы баяндама жасады.

ҚМДБ Төрағасы университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.

Бас мүфти жаңа оқу ғимаратының құрылысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің игілігі үшін салынып жатқан оқу ғимаратының құрылысымен танысты. Құрылыс барысын университеттің проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар таныстырды.

Нұр-Мүбәрак университетінде жаңа кітаптардың тұсауы кесілді

Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университеті қабырғасында дәстүрлі ислам бағытындағы жаңа ғылыми еңбектердің таныстырылымы өтті.