29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

«Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курсы басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі барлық мешіттерде 1 маусымнан бастап балаларға арналған «Имани жаз» діни сауат ашу курсы басталады. 

«Діни сараптама жүргізудің заманауи әдістері мен құқықтық негіздері» атты республикалық форум өтті

Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Діни сараптама жүргізудің заманауи әдістері мен құқықтық негіздері» атты республикалық рухани-танымдық форум өтті.

Құрбан айтқа орай қасапшыларға арналған семинар өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен «Қасапшылық – сауапты әрі жауапты қызмет» тақырыбында онлайн/офлайн форматта семинар өтті.

27 мамыр – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні!

һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 26 мамырға сәйкес келеді. 27 мамыр– Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

ҚМДБ Төрағасы айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге шақырды

Елорда да өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

Миссия өкілдері Жидда халықаралық әуежайынан қажыларды күтіп алды

Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай бастаған миссия мүшелері Жидда халықаралық әуежайынан 166 отандасымызды қарсы алды.

Қазақстан қажылық миссиясының медициналық қызметі халықаралық талаптарға толық сай деп танылды

Сауд Арабиясы Корольдігі Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы өкілдері Қазақстан қажылық миссиясының құрамындағы медициналық қызметтің дайындығына арнайы тексеру жүргізді. Ресми сапар барысында миссия құрамындағы дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, медициналық көмек көрсету деңгейі, процедурлық кабинеттің жабдықталуы және дәрілік қордың жеткіліктілігі жан-жақты сараланды.

ҚМДБ: Еліміз бойынша айт намазының кестесі

27 мамыр – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!