29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай сертификат табыстады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сапар аясында Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне қаржылай сертификат табыстады. 

ҚМДБ Төрағасы Финляндия архиепископымен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Финляндия Республикасына барған сапарында осы елдің архиепископы Тапио Юхани Луомамен кездесті.

Бас мүфти Хельсинки қаласында қазақ диаспорасымен кездесті

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Финляндия Республикасына барған жұмыс сапарында Хельсинки қаласында қазақ диаспорасымен кездесті.

Рамазан берекесі: 100 отбасына 6 000 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан – мейірім мен қайырымдылықтың, ізгілік пен жақсылықтың айы. Осы ұлық айда ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қолдан қолға» жобасы аясында Нұр-Мүбарак мешітінің ұйымдастыруымен 100 мұқтаж отбасыға 6 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

ҚМДБ Төрағасы әлем мұсылмандарын рухани бірлікке үндейді

Финляндия астанасы Хельсинки қаласындағы Орталық мешітте уағыз айтқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әлем мұсылмандарын бірлікке шақырды.

Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша қыздар арасында V республикалық байқау өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасында V республикалық байқау өтеді.

Бас мүфти Қазақстанның Финляндия Республикасындағы елшісімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Финляндия Республикасына барған жұмыс сапарын Қазақстанның осы елдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Азамат Сәбитұлымен кездесуден бастады.

Бас мүфти ауызашарда бірқатар азаматқа Рамазан сыйын табыс етті

Алматы қаласында өткен ауызашар кешінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Бас мүфти академик Асқар Жұмаділдаевты 70 жас мерейтойымен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында көрнекті математик-ғалым, академик, қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаевты 70 жас мерейтойымен құттықтап, арнайы жүздесті.

Ауызашарда қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

Алматы қаласында өткен рухани ауызашар кешінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институты әзірлеп, «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Рухани мұра» сериясының қос кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Мүфтият Алматыда ауызашар берді

Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Рамазан – ізгілік айы» рухани ауызашар шарасы өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мүфтият жанындағы Ақсақалдар, Сарапшылар мен Жастар кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, сондай-ақ қарттар үйіндегі қариялар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.