29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Қиямет күні Алла оны істегендерге тіл қатпайтын, назар салмайтын күнәлар

Алла тағала кейбір күнәларды істеген адамдарға Қиямет күні тіл қатпайтыны әрі оларға назар да салмайтыны жайында хабар берген. Олар:

Меккеге қажылық жасаған алғашқы ағылшын әйел

Өмірде Алла тағала ақиқатқа жүрегін ашқан, өзге дін өкілдерінің отбасында тәрбиеленсе де ақиқатты жүрегімен іздеп тауып, Исламға келген мұсылмандар, атақты адамдар аз емес. Алайда, сонау ХХ ғасырдың басында әйелдер қауымы арасында мұндай қадамға барып, Исламға деген іңкәрлікпен Ұлыбританиядан Меккеге сапар шегіп, қажылық парызын өтеген, сосын осы тақырыпта кітап жазып, Рим папасы алдында “мен – мұсылманмын” деп қасқайып тұрған нәзік жандылар сирек болар. Бүгінгі кейіпкеріміз Эвелин Кобболд дәл сондай жан.

Пайғамбарға (с.ғ.с) қызмет етіп, кейін Стамбулға жерленген сахаба

Әбу Аюб әл-Ансари – Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ансарлық сүйікті сахабаларының бірі. Мұсылмандардан Әбу Аюб әл-Ансариді білмейтін кім бар екен? Өзін мұсылман санаған әр адам оны білу керек. Бұл бір дәрежесі көтерілген адам. Адамдардың арасында Алла тағала оның қадірін биік етіп, оның үйін Пайғамбарымыз түскен үй етіп қойды. Осының өзі оның дәрежесінің қандай екенін, қандай сахаба екенін аңдатса керек. 

Жәннаттықтардың бір-бірімен достық сұхбат құруы

Жәннаттықтар бас қосып, достық сұхбат құрады. Алла тағала: «Олардың кеуделеріндегі кекті шығардық. Туыс болып тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырады»; «Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады. Расында, біз бұрын (дүниеде) отбасымызда да қорқушы едік. Сондықтан Алла бізге игілік етті де, заһарлы азаптан қорғады. Расында, біз бұрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол – игілік Істеуші, аса Мейірімді», – деседі» , – деген.

Ислам дінінде жаман ырымға сенуге бола ма?

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Алла қаламаса, жұқпалы ауру да басқаға жұқпайды. Сондайақ, құстардың ұшып өткені жамандықтың нышаны емес. Мен жақсы жоралғыны278 ұнатамын», – дегенде жанындағы сахабалары: «Уа, Алланың елшісі! «Жақсы жоралғы» дегенді қалай түсінеміз?» – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «(Жақсы жоралғы дегенім жүрекке жылу ұялатып, үміт отын жағатын) жақсы сөз», – деп жауап берді», – деген (Бұхари, тыб 19; Муслим, сәләм 102).

Кейбір істерді оң жақтан бастаудың маңызы

«Амал дәптерін (қиямет күні) оң жағынан алған адам (қатты қуанып): «Мінеки, менің (ізгі амалдарға толы) кітабымды алып оқып көріңдерші», – деп айтады».(«Хаққа» сүресі, 19-аят).

Сапар шегуге қатысты кейбір мәселелер

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жалғыз жолаушы – шайтан. Қос жолаушы – екі шайтан. Ал үш  жолаушы – керуен», – деп айтты» – делінген (Әбу Дәуіт,  жиһад 79; Тирмизи, жиһад 4).  Яғни,  шайтан  оларды  азғырып,  тура  жолдан  оңайлықпен  тайдыра  алмайды.