29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Сарымсақ туралы хадистерде не айтылған?

Әдетте тұмау тигенде, не болмаса ас мәзірінде қолданылатын сарымсақтың емдік қасиеті мол екенін біле бермейміз? Ал оның Құранда да, хадистерде де айтылатындығына көңіл аудардыңыз ба? Әр ісі хикметке толы Хәкім Раббымыз сарымсақты да адам баласына өте пайдалы етіп жаратыпты.

Ғалым деп кімді айтады?

Жер бетіндегі ең бағалы құндылықтың бірі – ғылым. Фахраддин Рази бір сөзінде: «Жаратушы ие Адам атаны ілімі арқылы періштелерінен даралаған. Егер ғылымнан да бағалы нәрсе болғанда, сонымен ерекшелейтін еді» деген.

Халал индустриясы туралы мифтер

«Халал» – бұл тек рұқсат етілген нәрсе емес. Бұл күн сайын миллиондаған адамдар таңдайтын игілік. Халал өнімдерді тұтыну статистикасы күн санап өскендіктен, біз осы салаға қатысты мифтерді жойғымыз келеді.

Мисуактың медициналық пайдалары

Ислам діні рухани тазалықпен қатар дене тазалығына да ерекше көңіл бөледі. Өз кезегінде тіс тазалығы да мұсылмандық гигиена талабына жатады. Тіс тазалығын күтуде мисуактың орны ерекше. Өйткені Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) мисуакты ауыз тазалығында тіс щеткасы ретінде қолданған. Сондықтан мұсылмандар үшін мисуак қолдану – сауапқа бастар сүннет.

Түсті кімге жорытқан дұрыс?

Алла елшісі (с.ғ.с.) «Кісі түсін өзі жақсы көретін, парасатты кісіге не абыройлы жанға айтсын. Ол жақсы сөз айтып, жақсыға жорысын»» деуімен түсті кез-келген адамға жорытудың жөн еместігін білдірген. Өзі жақтырмаған адамға жорытса, оның жоруы түс көрген кісіні ренжітуі мүмкін екендігін басқа бір хадистерінде білдірген.

Хиджама алдығысы келген адам нені ескеру керек?

Ауруды жаратқан Алла тағала сол ауруға керекті емді де қоса жаратқан. Адамның міндеті – ауырған кезде емделу жолдарын қарастырып, тезірек сауығып кетуге әрекет жасау.

Пұтқа табыну қалай шықты?

Ахмед Иүгінеки бір өлеңінде білімге шақырып, түрлі нашар әдеттердің қараңғылықтан туатынын айтады. Ғұлама бабамыз пұтқа табыну да білімсіздіктен деген пікір білдірген:

Шайтан адамды қалай азғырады?

Сынақ ретінде берілген бұл пәниде адам баласын азғыратын нәрселер көп. Соның ең бастысы нәпсі мен шайтан екені анық. Алла Тағала әу баста періштелер мен жындарды жаратқанда, шайтан жындар қатарынан табылған. Оны кейде әртүрлі атап жатамыз. Шайтан (сатан) сөзі иудейлердің Тәуратында «қарсы күш» ретінде сипатталса, христиандардың Жаңа Өсиетінде бұл дүниенің иесі ретінде білінген.

Құран бағыштаудың өлілерге сауабы тие ме?

Кейбір кісілер «Әруақтарға Құран бағыштауға болмайды. Себебі, ол тірілер үшін түсірілген», – деп жүр. Осы пікір дұрыс па? Құран бағыштаудың өлілерге сауабы тие ме?

Тозақтықтардың тамағы қандай болады?

Тозақтықтар түрлі тәсілде, тағамдары мен сусындары арқылы азапталады. Алла тағала: «Олардың ащы, сасық тікеннен басқа ешбір тамағы болмайды. Ол семіртпейді де, аштықты да баспайды»; «Шынында, заққұм ағашы – күнәкарлардың тамағы. Ол қарындарында балқыған кен сияқты, ыстық судың қайнағанындай қайнайды», – дейді.