29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

«Бұл жерді қауіпсіз, бейбіт мекен еткейсің»

Исламда «хуббул-уатан минәл-иман – отанды сүю иманнан» деген қанатты сөз бар. Отанын, елін, жерін жақсы көру – иманнан. Дін және отан – өте қасиетті ұғымдар. Ел игілігіне тілектес діндарлар үшін де Отаннан қымбат ештеңе жоқ. Себебі ислам діні мұсылманға өзі туып-өскен отанын сүюге, оны қорғауға үндейді.

«Мына екі көз ақыретте тозаққа күймейді»

Пенденің кіндік қаны тамған, өскен жерін «Отан» деп атаймыз. Заңдық тұрғыдан алғанда өз алдына бекітілген шекарасы, ел басқарар патшасы, құқықтық заңдары, тілі, діні, салт-дәстүрі бар тәуелсіз мемлекетті «Отан» десек, сол қасиетті мекенде өмір сүріп жатқан халыққа «отандас», «жерлес» деп атаймыз. Сол үшін адам туған жерін, Отанын қастерлеп, қадірлейді.

Құранға махаббат қойған адамның амалдары

Хәкім Абай қара сөздерінде: «Махаббаттың төлеуі – махаббат» деп айтқанындай, Құранға махаббат қойып, ынтамен оқыған адамға Құран да солай жауап береді, жаттаған аяттары көкейіне тез қонады, оны терең түсінуіне жол ашады.

Әбу Ханифаның сауда жасаудағы төрт қасиеті

Әбу Ханифа саудагер отбасында туып-өсті. Содан болар, өмірінің соңына дейін саудадан қол үзген жоқ. Сондықтан, Исламдағы сауданың қыр-сырын меңгеріп, саудаға қатысты көптеген мәселелерге пәтуа да беріп отырды. Пәтуа бергенде өз ойынан емес, кез келген мәселеге қатысты қандай да бір үкім айту үшін ол алдымен Құран мен сүннетке сүйенетін.

Адам – жер бетінің Халифасы

Жаратушы Алла адам баласын жер бетінде қор болу үшін жаратпаған. Керісінше, оны ардақтап, оған «Жер бетіндегі халифа» деген ат қойып, үлкен миссия жүктеген. Бойына ізгіліктің дәнін егіп, асыл қасиеттердің, түрлі қабылеттердің иесі етіп қойды. қай қырынан алып қарасақ та адам баласы басқа жан иелерінен ардақты келеді.

Қиянатшылдық неден туады?

Аманатқа қиянат ету – үлкен қылмыс. Адамға берілген ақыл, ғылым һәм адамға берілген жузи ықтиярдың өзі аманат есебінде. Құран да – аманат. Құдайдың алдында жаманатты болмайын десең аманатқа қиянат жасамаған жөн. Бізді қоршаған ортаның барлығына аманат деп қарау арқылы көптеген мәселелер шешілер ме еді?

Кенесары ханның мемлекеттік басқаруға Ислам заңдарын енгізуі

Кенесары хан дінді өзі ғана ұстанып қоймай, қол астындағы халқын діни тұрғыда басқарып, ел ішіне Ислам заңдылықтарын енгізе бастаған. Хан өмірін егжей-тегжейлі зерттеп, кейін сол үшін сотталған тарихшы Е.Бекмаханов: «Кенесары сот реформасын жасағанда, өзіне елеулі ықпал еткен ізашарларының ісін жалғастыра білді.

Арыстанбаб пен Салман Фарси бір адам болған деген дерек рас па?

Арыстанбаб жайында халық ішіне тағы бір кең тараған аңыз – оның Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) сахабасы екендігі. Бұл туралы ясауитанушы ғалым Жақып Алтаев:

Пайғамбарлар мен шәһидтердің қабірдегі жағдайы

Қабір өмірінде кейбір ерек туған адамдардың рухтары арнайы орындарда сақталады. Бұлардың қатарына пайғамбарлар жатады. Айша (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ғұмырының соңғы сәтінде: «Уа, Алла! Ең жоғарғы серікпен бірге» , – деп айтқанын жеткізген.