02
Бейсенбі,
Шілде

һижри

Бастырылып қала беремін, не істеймін?

Бастырылу медицинада ұйқы салы деп аталады. Дәрігерлер қан айналымындағы ретсіздіктерден және психологиялық күйзелістерден туындайтындығын білдіріп былай дейді:

Адамның шашын сатуға және шашты бояуға бола ма?

Дінімізде шариғат шеңберінен шықпай шаш бояуға рұқсат етіледі. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шашы мен сақалы ағармаса да оны бояғаны туралы деректер келген. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  «Мынаның ақ шашын өзгертіңдер, бірақ қара (түстен) аулақ болыңдар» – деп Әбу Кухафаның ағарған шашын өзгертуге бұйырған.

Қауесет таратуға қатысты үкім

Құран Кәрім мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінде келген дәлелдер халық арасында сыбыс, қауесет таратуды, анық-қанығына жетпеген сөздерді, жалған негізсіз ойларды жаймас бұрын тиісті орындарынан, жауапты адамдардан білмей тұрып,  қандай да бір кісінің осы негізсіз қауесеттерді жаюын шариғи тұрғыдан харам екендігін білдіреді. Ондай істер халық арасында толқулар мен бүліктерге себеп болады. Алла Тағала қазіргі кездегі қауесет тарату деп аталатын көріністі «иржаф» (яғни «сілкіну») деп сипаттады. Ол - қоғамда жалған және негізсіз хабарлар арқылы  қорқыныш пен үрей тудыру. Ол жайлы Құранда:

Мұсылман қызы, мұсылман емес ер адаммен некесін қиюға бола ма?

Мұсылман әйел баласының мұсылман емес ер адаммен неке қиюы шариғатқа қайшы іс болып табылады. Себебі Алла Құран Кәрімде:"Мүшрік қатындармен олар иман келтіргенге дейін үйленбеңдер. Азат мүшрік қатыннан мүмін күң артық.

Ішкілік ішуді балгер қойдыра ала ма?

Жалпы Алла қандай да бір дерт берсе, міндетті түрде оның емін де береді. Біздің міндетіміз – сол емді тынбай іздеу. Арақ қойдыруға байланысты медицинада бірнеше әдіс қалыптасқан. Мәселен, арнайы дәрілер бар.

Шугаринг және пилинг жасату дұрыс па?

Негізінде, шугаринг деп қантты пастамен денедегі түктерді кетіруді айтады. Қазіргі таңда адамдар оның түрлі әдістерін қолданып келеді. Ал ислам дінінде қолтық астындағы түктер мен әуреттегі түктерді ағарту тазалық саналады.

Денеден тыс ұрықтандырудың (ЭКО) үкімі

Еліміздегі әрбір бесінші отбасы бала сүйе алмайды. Сондықтан медициналық жолмен жасанды ұрықтандыруға барып жатады. Бұл - қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Бүгін Алматыда өткен ҚМДБ ғұламалар кеңесінде аталған мәселенің шариғи үкімі талқыланып, пәтуа шығарылды.

Шариғатта тырнақ бояудың (маникюр) үкімі

Әйел затына шариғат шеңберінен шықпай сәнденуіне рұқсат етіледі. Бұл ұстанымды ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали мәзһаб өкілдерінің барлығы құптайды.

Сандар адамның тағдырына әсер ете ме?

Адам тағдырына белгілі бір сандар, уақыт немесе сол сияқты пенденің  шала ойынан шыққан шарт-талаптар еш әсер ете алмайды.

Исламда пара алудың және берудің үкімі

Пара – мансап иесін параға жығу мақсатында берілетін мүліктік құндылық. Ол пара мансап иесін өз тарапына тарту немесе пара беруші өз мақсатына жету үшін беріледі. Алла Тағала мұсылмандарға пара алудан және пара беру арқылы мансап иелерінің разылығын табудан тыйған. Сонымен қатар екі жақтың арасында (пара алушы мен пара берушінің) жүрген дәнекер де ауыр күнә істеген болады.