29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

ҚМДБ Төрағасы Құрбан айтта әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қуантты

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен бірнеше отбасының шаңырағына арнайы барып, айт мерекесімен құттықтады.

ҚМДБ: Құрбан айттың екінші күні 20 811 отбасыға ет таратылды

Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырып отыр.

Қажылар негізгі құлшылық рәсімдерін орындады

Қасиетті Мекке қаласында қажылық сапарымен жүрген қазақстандық қажылар Ислам дініндегі бес парыздың бірі саналатын ұлы ғибадат – қажылықтың негізгі рәсімдерін орындады.

Астанада Құрбан айтқа орай рухани мерекелік кеш өтті

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және адал қоғам жылы» аясында Астана қаласында «Құрбан айт – мейірім мерекесі» атты рухани мерекелік кеш өтті.

Мерекелік шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, зиялы қауым өкілдері, дін қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Кеш ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды көріністермен басталды. Фойеде күйшілер күй тартып, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ұлттық нақыштағы көрме-жәрмеңке өтті.

Іс-шара барысында Бас мүфти жамағатты қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бұл ұлық мейрамның мұсылман жұртшылығын мейірімге, жанашырлыққа, бауырмалдыққа және ізгі амалдарға үндейтінін атап өтті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесін ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрімізге сай өткізуге баса назар аударып отыр. Бұл – дініміз бен дәстүрімізді насихаттаудың орайлы сәті деп санаймын. Сондықтан баршамыз белсенділік танытып, айт мейрамын жоғары деңгейде өткізуге атсалыссақ, бұл бастама келер ұрпаққа үлгі әрі үнемі жалғасын таба беретін игі дәстүрге айналады деп сенемін. 

ҚМДБ: Құрбан айттың бірінші күні 34 898 отбасыға ет таратылды

Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырып отыр. 

Бас мүфти Жандарбек Мәлібековқа арнайы барып Құрбан айтпен құттықтады

Құрбан айт мерекесінің екінші күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сәулетші, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің шаңырағына арнайы барып, Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Бас мүфти Астана қаласындағы құрбан шалу барысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілерімен және «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының жауапты қасапшылары қызмет етіп жатқан орталыққа барды.

Бас мүфти мешіт шәкірттерін марапаттау кешіне қатысты

Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Имани түлек» атты мешіт шәкірттеріне арналған салтанатты марапаттау кеші өтті. Рухани кешке елорда мешіттерінде білім алып жүрген 1 200 шәкірт қатысты.

Құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің бірқатар өңірлерінде құрбан шалу рәсімін өткізетін арнайы орындар анықталғандығын хабарлайды.