30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы 30 студентке білім грантын табыстады (фото)

Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университеті студенттерімен кездескен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы оқу орнының 30 студентіне білім грантын табыстады.

Бір ғасыр бұрынғы мешіт табылды

Батыс Қазақстан облысындағы археологиялық қазба жұмысы нәтижесінде мешіттің орны анықталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының директоры Жантас Сафуллин Facebook парақшасында жазды.

ҚМДБ төрағасы Атырауда жұмыс тобының қорытынды жиынын өткізді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына арнайы сапармен барған жұмыс тобының қорытынды жиынын өткізді. Жиынға республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері қатысты.

Бас мүфти имамдарға сертификат табыстады (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған іс-сапарында «Жат ағымның алдын алу және оның әдістемесі» тақырыбында өткен 4 күндік семинарға қатысқан өңір имамдарына сертификат табыстады.

ҚМДБ жұмыс тобының қорытынды есебі: 113 іс-шараға 16711 адам қатысты

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Діни басқарманың арнайы жұмыс тобы 13-17 қыркүйек аралығында Атырау облысында болып 113 шара өткізді.

Діни басқармада кадрлық ауыс-түйістер болды (фото)

Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Орталық Аппарат жиналысы өтті. Жиында кадрлық ауыс-түйістер болғаны хабарланып, бөлім басшылары жаңа қызметке тағайындалды.

Төртінші күннің есебі: Жұмыс тобы бір күнде 4166 адаммен кездесті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған жұмыс тобы Атырау облысына жасаған жұмыс сапарының төртінші күні 26 кездесу өткізді. Кездесу, сұхбат, семинар форматында өтіп, оған бір күн ішінде 4166 адам қатысты.

Бас мүфти «Жусан» операциясы арқылы отанға оралған азаматшалармен кездесті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атыраудағы «Иманғали» мешітінде «Жусан» операциясы арқылы елге оралған азаматшалармен кездесті.

ҚМДБ төрағасы Атыраулық дін жанашырларын марапаттады (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған сапары аясында «Иманғали» мешіті жанынан ашылған Қайырымды кәсіпкерлер алқасына қатысып, дін жанашырларын алғыс хатпен марапаттады.

Наурызбай қажы Тағанұлы Сарайшықта Хан ордасын зиярат етті (фото)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған сапарында Махамбет ауданы Сарайшық ауылында орналасқан хан ордасына зиярат етіп, мешітте ата-баба рухына Құран бағыштады. Еліміздің амандығы мен жеріміздің тыныштығы үшін дұға жасады.