Алматыда өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің XXXI мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қайраткерлерін ақтауға арналған конференция өтетінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
Ғұламалар кеңесінде бірқатар пәтуа қабылданды (фото)
Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Ғұламалар кеңесінің ХХХІ мәжілісінде бірқатар пәтуа қабылданды.
Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады
Қазақстанда карантин жеңілдетіледі, соған байланысты жұма намазын мешіт ішінде оқуға рұқсат беріліп отыр. 27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады.
Бас мүфти қос дін қызметкеріне баспана кілтін табыстады (фото)
Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «әл-Мәдина» мешітінің қос дін қызметкеріне баспана кілтін табыстады.
ҚМДБ төрағасы медресе шәкірттеріне сый жасады (фото)
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжі мен қайырымдылық мекемелеріне азық-түлік жеткізілді.
«QAZVAC» вакцинасы тексерістен өтуде (фото)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы бастаған ҚМДБ делегациясы Жамбыл облысындағы «QAZVAC» вакцинасын өндіруші Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында болып, отандық вакцина өндірісімен танысты.
Алматыда ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХХІ мәжілісі өтуде (фото)
Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалық етуімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің XXXI мәжілісі басталды.
Бас мүфти Есік қаласында діни сауат ашу орталығының ашылуына қатысты (фото)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысы, Есік қаласында қыздарға арналған діни сауат ашу орталығының ашылу салтанатына қатысты. Игі іс-шараға Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Ержан қажы Малғажыұлы, Еңбекшіқазақ аудан әкімінің орынбасары Досымбай Алтай және жамағат қатысты.
Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия мүфтиін қайта сайлануымен құттықтады (фото)
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Али Ербаштың Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы болып қайта сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Қызылорда: Ихсан кітабы зиялы қауымға жеткізілді
«Ихсан – тәрбие негізі» кітабы Қызылорда облысындағы зиялы қауым өкілдеріне таратылды. Осылайша өңір зиялылары рухани кітаптың құндылығымен танысты.
«Зекет – тазару жолы» тақырыбында семинар өтті (фото)
Алматыдағы «Абдулла» мешітінде «Зекет – тазару жолы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров пен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан және қайырымдылыққа жауапты имамдар қатысты.