30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти Атырауда жаңа мешіт құрылысымен танысты

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Бас мүфти теміржолшыларға Ихсан ілімінің мәнін түсіндірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған сапары кезінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Атырау магистралдық желі бөлімшесі қызметкерлеріне ихсан ілімінің мәні мен маңызын түсіндірді.

ҚМДБ төрағасы Атырауда үш үйдің кілтін табыстады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған сапарында үш отбасыға үш үйдің кілтін табыстады.

Наурызбай қажы Тағанұлы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты

Бүгін Атырау қаласында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Иманғали» мешітінде өткен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.

Бас мүфти Атырау имамдарына дәріс оқыды

Бүгін Атырау облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Иманғали» орталық мешітінде өңір имамдарына дәріс оқыды.

«Халал Даму»: Әйел жамағатына семинар өткізді

ҚМДБ Қостанай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Akmechet» орталық мешітінде әйел жамағатына арналған «Халал – тіршілік һәм құлшылық өзегі» атты семинар өтті. Семинарды «Халал Дамудың» бас сапаршы-технологы Айжан Омарова жүргізді.

Атырауда Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылды

Бүгін Атырау қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылды.

«Әлемнің үздік мұсылман тұлғасы» сыйлығы Эрдоганға бұйырмақ

Нигерияның «Muslim News Nigeria» газеті Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоганға 2020 жылғы «Әлемнің үздік мұсылман тұлғасы» сыйлығын табыстамақшы, деп хабарлайды «sunna.kz» сайты ресейлік «islam.ru» сайтына сілтеме жасай отырып.

ҚМДБ төрағасы діни оңалту жұмысы жайлы пікір алмасты

Бүгін Атырау облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті әкімдікте мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесіп, діни оңалту жұмыстары жайлы пікір алмасты.

«Біз өткен жылы ҚМДБ жанынан Діни оңалту бөлімін аштық. Қазір осы бөлімнің жұмысын жүйелі түрде жандандырып, жастарымыздың діни көзқарасын түзеуге күш салып отырмыз. Жалпы профилактикалық іс-шаралар бойынша 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында деструктивті діни ағым идеологияларының таралуына қарсы 5018 іс-шара ұйымдастырылды. Оған 1 053 411 адам қатысты. Ал түзеу мекемелерінде атқарылған жұмыстың нәтижесінде 38 жазасын өтеуші азамат дәстүрлі Ханафи мәзһабына бейімделді. Ал 15 адамның діни көзқарасы оңалды, яғни Ханафи мәзхабын ұстанып, деструктивті діни ағым идеологиясынан бас тартты. Алла қаласа, бұл бағыттағы жұмысымыз жүйелі түрде жүзеге аса береді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында жергілікті мекеме басшылары діни оңалту жұмысына қатысты көкейде жүрген сұрақтарын Бас мүфтиге қойып, ортақ іс-шаралар төңірегінде әңгімелесті.

a4d9dfca-0983-43f2-842b-0db6c6f815c1.jpg

996ed3f6-af08-4d88-a983-88a80e75b09e.jpg

dd3ddb2b-fcf0-4051-8816-a8f95f0acdef.jpg

Елордада телефонға телміріп жүретіндер үшін ерекше бағдаршам орнатылды

Нұр-Сұлтанда алғаш рет жол қозғалысын реттейтін инновациялық құралдарды тестілеу басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.