Бүгін Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданы Қарғалы ауылында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мөңке би атындағы көпір ашылды.
Жаңалықтар
Сансызбай Құрбанұлы көрермен сауалдарына жауап береді
Ертең, 9 қыркүйек сағат 16:00-де Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасы мен @muftiyatkz Instagram парақшасында онлайн сұрақ-жауап эфирі өтеді.
ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Отбасы апталығына» орай отбасылық мәселелерге қатысты сауалдарға жауап береді.
Сіздің де отбасы, тұрмыс-салтқа қатысты сұрақтарыңыз болса, тікелей эфир барысында қоя аласыз. Онлайн сұрақ-жауап эфирін өткізіп алмаңыз!
84 мың адам радикалды насихат көздерінен шығарылды
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың «Дін саласындағы жалпы жағдай туралы» тақырыбындағы брифингі өтті.
Ақмолалық 30 студентке шәкіртақы тағайындалды
Нұр-Мүбарак университетіне ҚМДБ Ақмола облыстық өкілдігінің бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы арнайы келіп, студенттермен кездесті.
Бас мешітте Діни сауат ашу курсы басталды
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңа оқу жылына орай Діни сауат ашу курсы дәрістері онлайн түрде басталып отыр. Дәрістер «Құран оқуды үйрену» және «Құран кәрімді жаттау» жүйесі бойынша жүргізіледі.
Ғалымдар адамның жан тапсырар алдындағы халін сипаттап берді
Ажал – хақ әрі табиғи процесс. Мамандардың айтуынша, адамның ажалы жақындаған сайын ас-ауқатқа тәбеті тартпайды, бұдан бөлек, әлсіздік пен дәрменсіздік билейді.
Шымкент: Еріктілерге Бас мүфти алғыс хаты табысталды
Өздеріңізге белгілі, биыл құрғақшылық салдарынанеліміздің Маңғыстау мен Қызылорда облыстарыныңмал шаруашылығы қиын жағдайға тап болды. Осы сындарлы сәтте Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аумағында тұратын бірқатар еріктілер ҚМДБ Төрағасы,Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне қолдау білдіріп, аталған өңірлерге қол ұшын созған болатын.
Атырау: Махамбет ауданына бас имам тағайындалды
Атырау облысы Махамбет ауданыныңбас имамы тағайындалды. Имам Нұрбек Ибадоллаевты жергілікті жамағатқа Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы таныстырды.
Ақтөбе: «Әс-Сәлам» мешітіне жаңа имам келді
Ақтөбе қаласындағы «әс-Сәлам» мешітінің бас имамы болып Нұрлыбек Такеев тағайындалды.
Барлық мешіттер ауласында жұма намазы оқылады
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 Қаулысына сәйкес осы аптада еліміздің барлық мешіттері ауласында жұма намазын оқуға рұқсат берілді.
Шымкентте Ихсан кітабының танытымы өтті
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай Шымкент қаласындағы «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.