Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы екі жақты келісім негізінде Хасеки академиясының 2021-2022 оқу жылына қабылданған шәкірттерді шағырып салу шарасы ұйымдастырылды.
Жаңалықтар
Қызылорда: 447-пәтер Шиелі ауданында берілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Оңталап Жидебаев Шиелі ауданына арнайы барып, мұқтаж отбасыға 447-баспана кілтін табыстады.
Ақтөбе: Жас имамға баспана берілді
«Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында республика бойынша 449, ал Ақтөбе облысы бойынша 15-пәтердің сертификатын РАНТ және Ғұламалар кеңесінің мүшесі, ҚМДБ пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы табыстады.
Енді Елорда балалары қоғамдық көлікте тегін жүреді
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық көліктегі жол ақысына байланысты жазба жариялады. Оның сөзінше, қалада автобустар саны артты, ал кәмелетке толмағандар қоғамдық көлікте тегін жүреді.
Ұмра қажылығына екі жолдама табысталды
Алматы қаласының Бас имамы Төлеби қажы Дәділұлының бастамасымен өткен айда әлеуметтік желіде Ихсан ілімі аясында happy_zhanuya инстаграм парақшасында кезекті тегін марафон өткен болатын деп хабарлайды azan.kz. Басты жүлде екі ұмра қажылығына жолдама болды.
Түркістанда Батыржан Мансұров жұма намазын жүргізді
Түркістан қаласына арнайы сапармен келген ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров жергілікті жамағатпен жүздесіп, Жұма намазын жүргізді.
Құран жарысы: жұмыс тобы Түркістанға келді
Қазан айында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық жарысқа орай Бас мүфти тапсырмасымен ҚМДБ-да құрылған арнайы жұмыс тобы Түркістан қаласына келді.
Орал қаласындағы жаңа мешіттің эскиздік жобалауына ашық конкурс жарияланды
БҚО Орал қаласы, Жәңгір хан көшесінің бойында жаңадан салынатын мешіттің үздік эскиздік жобалауына ашық конкурс жарияланып, жұмыстарды қабылдау басталды.
Бас мүфти бөлім басшыларының жұмыс есебін тыңдады
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Аппарат жиналысы өтті. Онда мамыр-тамыз айларында атқарылған бөлім басшыларының жұмыс есебі тыңдалды.
Білімді білмегенге жеткізу – садақа
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
«Нұр-Мүбарак» университетінің, медресе-колледж ұстаздары мен шәкірттерін, еліміздегі барша мұғалімдер мен білім саласының қызметкерлерін 1 қыркүйек – білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға мықты денсаулық, бақыт пен бірлік, табыс пен береке тілеймін.
Ислам діні ер мен әйелге білім алуды міндеттейді. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім алу мұсылман ер мен әйелге парыз», – деген.
Тағы бір хадис-шарифте: «Ғылым-білім үйреніңдер. Алла үшін білім алу – Алладан қорқу. Ал іздену – Алланы пәктеу. Ал оны (қиындығына шыдап) зерттеп-зерделеу – Алла жолында күресу. Оны білмегенге жеткізу – садақа!» делінген.
Бұл хадистен өзгелерге білім үйрету Алла жолында жасалған үлкен садақаның бірі екенін түсінеміз. Исламда білім алудың маңызы үлкен. Алла Тағала ілім иесінің дәрежесін екі дүниеде де арттырып қояды екен. Қасиетті кітабымыз Құранда: «Мәжіліс кезінде сендерге: «Кеңірек, еркін отыруға бір-біріңе мүмкіндік беріңдер», – деп айтылса, жылжып орын беріңдер. (Ниеттеріңе қарай) Алла сендерді де кеңірек орынмен жарылқайды. Ал егер де: «(Орындарыңнан) тұрыңдар» десе, дереу тұрыңдар. Алла араларыңдағы иман келтіргендер мен білім иелерінің дәрежелерін көтереді. Алла сендердің істеген істеріңнің барлығынан да хабардар» («Әл-Мужәдала» сүресі, 11-аят), – делінген.
Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдар мен шәкірттердің білімін көтеру бағытында игі жобаларды жүзеге асыруда. Жаратушы Жаббар Иеміз шәкірттерімізді білімді етіп, елі мен жеріне, діні мен дәстүріне қызмет ететін тұлғалардан еткей. Әмин!
Қызылорда: Жеті бағыт бойынша жиын өтті
Қызылорда облысының имамдары ҚМДБ бекіткен жұмыстың негізгі 7 бағыты бойынша жиын өткізді. Алқалы жиналыс Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған оқиғаға байланысты ел амандығы үшін дұға жасаумен басталды.