30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Тікелей эфирде зекет жөнінде сұрақтарға жауап береді

Ертең, 27 тамыз ҚМДБ діни ақпарат беру орталығында «Call орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының зекет тақырыбына қатысты эфирі өтеді.

Алматы имамдары киелі орындарға саяхат жасады

Алматы қаласының имамдары Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Darhan Dala» жобасын қолдау мақсатында Түркістан өңіріне саяхат ұйымдастырды.

Қай өңірлерде жұма намазы оқылады?

Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес республиканың кей өңірлерінде Жұма намазы уақытша тоқтап тұр. Әйтсе де бұл Қазақстанның ешбір аймағында Жұма намазы атқарылмай жүр дегенді білдірмейді.

Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдардың білімі  мен біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды.

Наиб мүфти халықаралық онлайн конференцияға қатысты

Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысы қарсаңында Бірінші халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Елорда қарилары арасында республикалық Құран жарысына іріктеу өтті (фото)

Бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен Х Республикалық Құран байқауының іріктеу сайысы өтті.

Нұр-Сұлтан өкілдігі 1000 оқушыға қуаныш сыйлады (фото+видео)

Бүгін ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Мектепке жол 2021» қайырымдылық шарасы өтті. Қаладағы 12 мешіт бойынша қайырымдылық шарасының ауқымы 1000-ға жуық отбасыны қамтып, осынша оқушыға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкесі таратылды.

Талдықорған: Мектеп оқушыларына қолдау көрсетті

ҚМДБ Талдықорған өңірі өкілдігінің ұйымдастыруымен «Зекет және қайырымдылық» қорының дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны орталық «Иман» мешітінде өтті.

Павлодар: 700-ге жуық оқушыға қуаныш сыйлады

Аптаның алғашқы күні ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол-2021» науқаны бойынша жүргізілген қайырымдылық шарасы барлық қала, аудан, ауыл мешіттерінде  ұйымдастырылды.

Атырау: Қыздарға арналған қайырымдылық мекемесі салынуда

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау селолық округі мешіті жанынан салынып жатқан қайырымдылық мекемесінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Талдықорған: Республикалық Құран байқауына жолдама берілді

Талдықорған өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Иман» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша X республикалық байқаудың іріктеу сайысы өтті.